ҚазҰМУ-да халықаралық «KazMSA Surgery» қысқы мектебі болып өтті (Фото)
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «KazMSA – KazNMU» жергілікті комитетінің ұйымдастыруымен, 26 ақпан – 3 наурыз аралығында хирургия бағыты бойынша «KazMSA Surgery» халықаралық қысқы мектебі болып өтті.
Халықаралық «KazMSA-Surgery» қысқы мектебіне, Қазақстан және көршілес Қырғыз елінің Жоғарғы оқу орындарынан жалпы саны – 144 қатысушы келді. Атап айтсақ, Астана медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Семей мемлекеттік медицина университеті, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Б.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Словяндық университет, И.Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы бакалавр және интерн студенттері.
Хирургия саласына бағытталған қысқы мектептің алғашқы күні қатысушыларды қарсы алу және ресми ашылу салтанатына бағытталды . Ұлттық университетіміздің «Даңқ залында» өткен ашылу салтанатында Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша проректор Б.С.Жусупов, «Жалпы Медицина» мектебінің деканы Г.А.Шопаева, « №2 Хирургия» кафедрасының профессоры, м.ғ.д., А.С.Ибадильдин., А.Б.Атчабаров атындағы іргелі – қолданбалы ҒЗИ директоры Л.Т.Ералиева, «№2 Хирургия» кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д., М.У.Муканов, Медициналық тәжірибелер зертханасының меңгерушісі И.Р.Фахрадиев, «№2 Хирургия» кафедрасының ассистені Т.А.Салихова қатысушыларға сәттілік тілеп, хирургия саласы бойынша дәріс оқыды. Ашылу салтанатынан соң университет аумағында экскурсия жүргізіліп, хирургия пәнінің алғы-шарттары үйретілді.
Қысқы мектептің қалған күндері де қатысушылардың теориялық білімін тәжірибе тұрғысын дағдылауға бағытталды. Атап айтсақ, «Операциялық блоктың жұмыс істеу принципі.» « Асептика және антисептика», «Жергілікті жансыздандыру», «Кеуде қуысының анатомиясы, оған оперативті ену.», «Науқас премедикациясы. Наркоз.», « Іш қуысының анатомиясы, іш қуысына оперативті ену жолдары» тақырыптарында дәріс оқытылып, қатысушылар теориялық білімін шыңдаса, «Жергілікті жансыздандыру техникасы.», «Мойылдырық және бұғанаасты венасын катетеризациялау техникасы.», «Плевральді пункция алу.», «Өкпе жарақаттарын тігу, шеткері резекция.», «Қан тамырларын тігу, қан тамырлық анастомоз.» тақырыптарында тәжірибелік дағдыларға үйретілді. Манипуляциялық материал ретінде жануарлардың іш құрылысы таңдалынды.
Қатысушылар жоспар бойынша, Қожақанов атындағы Тәжірибелік дағдылар орталығында лапароскопиялық құрылғының жұмыс істеу принципі мен танысып, онымен жұмыс жасады. Тәжірибелік медицина зертханасында және Виварийде пульмонэктомия мен холецистэктомиялық оталар жасап үйренді. Ота жасалған материалдардың барлығы халықаралық келісімдерге негізделініп алынды.
Аталмыш қысқы мектебіміздің жабылу салтанатыда ерекше деңгейде өтті. Университетіміздің ректоры Т.С.Нұрғожин қатысушыларға дәрігер мамандығы әрдайым ізденіс пен жаңартуларды талап ететінін тілге тиек ете отырып, сәттілік тіледі.
Осы орайда, «KazMSA Surgery» халықаралық қысқы мектебінің жоғарғы деңгейде өтуіне үлес қосқан Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша проректор Б.С.Жусуповқа, Стратегиялық және корпортивтік даму проректоры У.М. Датхаевқа, «Жалпы Медицина» мектебінің деканы Г.А.Шопаеваға, Медициналық тәжірибелер зертханасының меңгерушісі И.Р.Фахрадиевке, «№2 Хирургия» кафедрасының ассистені Т.А.Салиховаға, «Клиникалық анатомия және оперативті хирургия» кафедра меңгерушісі Ы.А. Алмабаевқа және аға оқытушы Д.А. Абильдаевқа, Қожақанов атындағы Тәжірибелік дағдылар орталығының меңгерушісі Д.О. Карибаеваға сонымен қатар студенттермен жұмыс басқармасына, «Клиникалық анатомия және оперативті хирургия» кафедрасының оқытушыларына, кафедраның «CAOS» студенттік үйірмесіне, « №1 Хирургия» және « №2 Хирургия» кафедраларының оқытушыларына, А.Б.Атчабаров атындағы іргелі – қолданбалы ҒЗИ – на, Медициналық тәжірибелер зертханасына және де Қожақанов атындағы Тәжірибелік дағдылар орталығына алғыс білдіреміз!
Аталмыш қысқы мектептің негізгі демеушілері «Dolche-Pharm» және «Unicmed- Asia» компаниялары.