ҚазҰМУ-да қазақстандық медицина және ғылым корифейлерінен атаулы шәкіртақылары
Қазақ ұлттық медицина университетінде қазақстандық медицина және ғылым корифейлерінен атаулы шәкіртақылары, сондай-ақ ректор Марат Едігеұлы Шорановтың алғашқы шәкіртақысы табыс етілді. Биылғы оқу жылына атаулы 9 стипендия тағайындалды. Бұған дейін тек 3 атаулы стипендия болған.
ҚазҰМУ-дың 11 студенті мен резиденті стипендия иегерлері атанды:
1. Санжар Джафарұлы Асфендияров атындағы шәкіртақы иегерлері: Ескендір Қиясұлы Гасанов – жалпы медицина мектебінің 7 курс интерні; Бармағамбетова Саида Балтабайқызы – халықаралық факультеттің 6 курсында оқиды.
2. Ректор атындағы шәкіртақының иегері – Есенова Мөлдір Ардаққызы, педиатрия мектебінің 6 курс студенті;
3. Машкеев Аукен Киясұлы атындағы шәкіртақы – педиатрия мектебінің 6 курсында оқитын Васильев Михаил Алексеевич иеленді;
4. Мырзакәрім Кәрімұлы Алшынбаев атындағы шәкіртақы – резидентураның 2 курсында оқитын Лемс Нұрым Жарқынұлы;
5. Локшин Вячеслав Нотанович атындағы шәкіртақы – Боран Айсана Мейрамбекқызы – акушер-гинекология мамандығының 2-курс резиденті.
6. Мақсұт Кәрімұлы Күлжанов атындағы шәкіртақы – докторантураның 3 курсында оқитын Құттыбаев Асылхан Дүйсенханұлы иеленді.
7. Рахымжан Дильбарханұлы Дильбарханов атындағы шәкіртақы – фармация мектебінің 4 курсында оқитын Әріпжан Аделя Ренатқызы иеленді.
8. Жанат Бақытқызы Испаева атындағы шәкіртақы – резидентураның 2 курсында оқитын Аблимитов Сирдаш Кулдашевич иеленді.
9. Қазақстандық стоматология қауымдастығының шәкіртақысын – резидентураның 2 курсында оқитын Оспанова Дариға Мұхтарқызы иеленді.
«Біздің ЖОО-да атаулы стипендия алу мүмкіндіктері жыл сайын кеңейіп келе жатқанына қуаныштымын. Осы игі дәстүрді біздің құрметті академиктер – Мырзакәрім Кәрімұлы Алшынбаев пен Вячеслав Нотанович Локшин бастады. Биыл атаулы стипендиялар тізімі едәуір кеңейді. Біздің университеттің мыңдаған ұжымы бұл бастаманы толығымен қолдайтынына сенімдімін және біз бұл санды екі еселеп қана қоймай, үш еселейміз», – деп атап өтті ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.