ҚазҰМУ-да Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің мызғымас айқын белгісі» атты онлайн кездесу өтті
2020 жылдың 4 маусым күні, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің мызғымас айқын белгісі» атты онлайн мерекелік іс-шарасы өткізілді. Аталған онлайн – кездесу Жастар саясаты басқармасы, Мәдени – шығармашылық жобаларды іске асыру тобы және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушыларының ұйымдастырумен өтті. Мерекелік іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар, университет әкімшілігі, бөлім қызметкерлері, оқытушылар және студенттер қатысты.
Онлайн кездесуді Мәдени – шығармашылық топ жетекшісі С.А.Апсаттарова жүргізді.
Кездесуді Корпоративтік даму жөніндегі проректор Датхаев Убайдилла Махамбетұлы ашып, университет ұжымын айтулы мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, негізгі тақырыпты кеңінен ашуда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының лекторы Ғалым Мәлік және кездесуге арнайы шақырылған Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тулебаев Турғанжан Абеуұлы сөз сөйледі. Тарихшы ғалым Турғанжан Абеуұлы Мемлекеттік рәміздердің мәні және тарихи маңыздылығына барынша тоқталып өтті. Мерекелік іс-шара соңында университеттің көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысушы студенттер қазақтың белгілі ақындары Ф.Оңғарсынова, Қ.Аманжоловтың туған жерге арнап жазған өлеңдерін оқыды. Аталған онлайн мерекелік іс-шарасы ойдағыдай өтті.