ҚазҰМУ-да ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Алматы қаласының медициналық қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтеді
16 ақпан күні ҚазҰМУ-дың Даңқ Залында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Алматы қаласының медициналық қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтеді. Кездесуде Елбасы жолдауының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстары, сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша сұрақтар қарастырылады. Кездесуге Алматы қаласының медициналық ұйымдарының басшылары, жеке медициналық ұйымдардың, кәсіподақтардың, кәсіби медициналық қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.
Кездесу барысында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауын жүзеге асыруда МӘМС-ті енгізудегі негізгі сұрақтар, оның іске асыру кезеңдері, медициналық қызметтің қолжетімділігі және сапасының көтерілуі тұрғысынан мәселелер талқыланатын болады.
Өтетін күні: 16 ақпан 2017 ж.
Өтетін орны: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Даңқ Залы, Төле би көшесі, 94.
Уақыты: 17.00
Ақпараттық анықтама
2017 жылдың 7-ші ақпанында МӘМС-ті енгізудің үшінші ақпараттық-түсіндіру кезеңі басталды. Аталған кезеңде халыққа, өндірістер, кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылық ұжымдары мен ҮЕҰ өкілдері арасында кеңінен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу көзделген. Оның аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер туралы түсініктемелер беріледі. МӘМС-ті енгізу қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға, сапалы медициналық көмекті қолжетімді етуге, оны халықтың сұранысына сай етуге, амбулаторлық деңгейде дәрімен қамтамасыз етудің аясын кеңейтуге, денсаулық сақтау жүйесіндегі бейресми төлемдер көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі