ҚазҰМУ-да қызмет көрсету орталығы ашылды
Құрметті білім алушылар, қызметкерлер және ПОҚ!
«С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ мен «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде студенттерге қызмет көрсету орталығында (№7 оқу ғимараты) осы күндері ХҚКО мобильді пункті жұмыс істейді.
Барлық тілек білдірушілер ХҚКО қызметтерін ала алады: тұрғылықты жері туралы (мекенжай анықтамасы) және жылжымайтын мүлікке тіркелген/құқықтардың болмауы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар, ЭЦҚ(қызметтік емес) және т.б.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер, оның ішінде он-лайн форматта көрсетілетін қызметтер бойынша консультациялық қызметтерді алуға болады. M-Gov, Telegram Bot мобильді деректер базасында телефон нөмірін тіркеуді жүргізуге болады, бұл ХҚКО-ға бармай он-лайн форматта, одан әрі бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді.