ҚазҰМУ-да 2016-2017 оқу жылының бітірушілерін жұмыс орындарына дербес бөлу іс-шарасы өтті.
2017 жылдың 12 мамыр күні сағат 9.00-17.00 аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2016-2017 оқу жылының бітірушілерін жұмыс орындарына дербес бөлу іс-шарасы өтті.
Ректордың міндетін атқарушының 2017 жылдың 27 ақпанындағы №77 бұйрығымен 2016-2017 оқу жылының Университет бітірушілерін жұмыс орындарына дербес бөлу бойынша комиссия құрамы бекітілді. Комиссия құрамына жетекші проректор, факультет декандары мен олардың орынбасарлары, бітіруші кафедралардың меңгерушілері, факультет кафедраларының профессорлық-оқытушылар құрамы, Университеттің әкімшілік-басқару құрамының қызметкерлері, сонымен қатар ҚР облыстық және қалалық денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерін енді.
Университетте 2016-2017 оқу жылында 1436 бітіруші түлек, соның ішінде 1038 бітіруші мемлекеттік білім беру гранты бойынша, 241 – ауыл квотасы және 157 бітіруші келісім-шарт негізінде білім алды.
Комисия жұмысының нәтижесінде 351 бітірушіге өз еркімен жұмыспен қамтылу құқысы берілді, 977 бітіруші Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары мен фармацевтикалық компанияларға жұмысқа жіберілетіндеге туралы шешім қабылданды. «Жалпы медицина» мамандығының «Педиатрия» және «Акушерлік іс және гинекология» бағыты бойынша бітірушілер резидентурада оқуын жалғастыруды жоспарлайды.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту
және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы