ҚазҰМУ-да 2024-2025 оқу жылына резидентураға үміткерлерді іріктеу жалғасуда.
Бүгінгі таңда кардиология (ересектер, балалар) эндокринология (ересектер, балалар), радиология, офтальмология және басқа да мамандықтар бойынша емтиханның сұхбаттасу кезеңі өтуде. Резидентураға оқуға түсуге ниет білдірушілердің көп болуына байланысты емтихан 3 күнге бөлінді. Биыл дипломнан кейінгі білім беру факультетіне 1253 адам үміткер тіркелді. Емтихан процесі ашық және толық бейнеге түсіріледі.
ҚазҰМУ-дың болашақ резиденттеріне сәттілік тілейміз!