ҚазҰМУ-да 95-ші оқу жылы басталды
Бүгін университетіміз болашақ дәрігерлерге есігін айқара ашып, жаңа оқу жылын бастады. Ақ халат киюге ниеттенген жас түлектер үшін бұл күн – үлкен өмір жолының алғашқы қадамы.
Биыл бізге 2223 астам студент қосылды. Олардың қатарында олимпиада жеңімпаздары, мемлекеттік грант иегерлері, ең жоғары балл жинаған түлектер бар. Бұл – Қазақстанның болашақ таңдаулы дәрігерлері.
Бүгінде ҚазҰМУ –
✔️ 14 500-ден астам студентті біріктірген іргелі білім ордасы, оның ішінде 36 елден келген 3000-ға жуық шетелдік студент бар
✔️ 167 клиникалық базада тәжірибе жүргізуге мүмкіндік береді, онда еліміздің ең үздік дәрігерлері сабақ береді
✔️ түлектерінің 99 пайызы еңбек нарығында сұранысқа ие
✔️ 100 білім беру бағдарламасын қамтиды, оның ішінде 14 жаңа резидентура мамандығы енгізілген
✔️ симуляциялық орталықтарымен, заманауи жатақханаларымен және «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін цифрлық қызметтерімен ерекшеленеді
ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов студенттерге арнаған құттықтау сөзінде:
«Болашақты болжаудың ең жақсы жолы – оны өз қолыңмен жасау. Ал сіздер, біздің студенттер, сол болашақты бүгіннен бастап қалыптастырып жатырсыздар. Алда сіздерді үлкен еңбек, жаңалықтар мен жеңістер күтіп тұр. Сенемін, сіздерге бүкіл ел мен әлем мақтанышпен қарайтын дәрігер болу бұйырады», – деп атап өтті.
ҚазҰМУ – болашақ дәрігерлердің ордасы. Мұнда жас таланттар бас қосып, ғылым мен тәжірибені қатар меңгереді. Ертеңгі көшбасшылар мен зерттеушілер осы қабырғадан шығады.
Жаңа оқу жылы сіздер үшін білім мен тәжірибеге, достық пен жаңашылдыққа, өсу мен жетістікке толы кезең болсын. Үлкен медициналық отбасыға қош келдіңіздер!