ҚазҰМУ-да LMQS жобасы бойынша 3-ші халықаралық басқарушы топтың (GPI) отырысы өтті
2023 жылғы 16 наурызда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Эразмус+ «Ашық қашықтықтан білім беру шеңберінде денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын және қауіптерді стратегиялық басқару бойынша бакалавриат пен магистратураны кәсібилендіру – LMQS» №618860-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP жобасы бойынша 3-ші Халықаралық басқарушы топтың (GPI) кездесуі өтті.
Бұл жоба 2021-2024 жылдар аралығында Қазақстан, Әзірбайжан, Греция мен Францияның серіктес университеттерімен жүзеге асырылуда және ашық қашықтықтан білім беру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы қауіптерді стратегиялық басқару және қызмет сапасы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын кәсібилендіруге бағытталған.
GPI-3 бағдарламасы аясында 13-17 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қазақ-Ресей медицина университетінде, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде және №7 қалалық клиникалық ауруханада жоба үйлестірушілері мен зерттеушілердің кездесулері ұйымдастырылды.
Серіктестер атқарылған жұмыс туралы есеп беріп, еуропалық оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жоспарларымен таныстырды.
LMQS жобасының еуропалық үйлестірушісі – Кот-д’Азур университетінен (Франция) Жан-ноэль Пашу.