ҚазҰМУ-дың атаулы стипендиялары: болашақ медицина көшбасшыларын мойындау
ANaMed Forum – New Generation 2025 форумының екінші күнінде ҚазҰМУ үздік студенттері мен жас мамандарына арналған атаулы стипендиялар табысталды.
Бұл стипендиялар — оқу, ғылым және клиникалық қызметтегі үздік нәтижелерімен ерекшеленген дарынды да талапты студенттерге, интерндерге, резиденттер мен докторанттарға берілетін ерекше марапат. Олар — тек жетістік белгісі ғана емес, сонымен қатар университеттің жас буынға деген сенімі мен үмітінің айғағы.
Стипендия иегерлері:
- Хаметова Сырсұлу Қасымбекқызы, жалпы медицина–2 мектебінің 5 курс студенті — Санжар Жафарұлы Асфендияров атындағы стипендия
 - Аяганов Бекнур Ержанұлы, қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 3 курс студенті — Маншук Жиенғалиқызы Маметова атындағы стипендия
 - Шакизадаева Әсел Рүстемқызы, жалпы медицина–2 мектебінің 6 курс интерні — ҚазҰМУ басқарма төрағасы – ректоры Марат Едігеұлы Шоранов атындағы стипендия
 - Алмасбек Аяжан Алмасбекқызы, жалпы медицина–2 мектебінің 6 курс интерні — профессор Айқан Ақанұлы Ақанов атындағы стипендия
 - Абдурахимова Фериде Абдухамидқызы, фармация мектебінің 3 курс студенті — профессор Рахымжан Ділбарханұлы Ділбарханов атындағы стипендия
 - Әбдіәкім Ақсәуле Ерболқызы, фармация мектебінің 3 курс студенті — профессор Рахымжан Ділбарханұлы Ділбарханов атындағы стипендия
 - Бурумбетов Нұртай Қанатбекұлы, постдипломдық білім беру факультетінің 1 курс резиденті — академик Мырзакәрім Кәрімұлы Алшынбаев атындағы стипендия
 - Төленбекова Ақнұр Рауанқызы, постдипломдық білім беру факультетінің 2 курс резиденті — академик Вячеслав Нотанович Локшин атындағы стипендия
 - Кенжегалиева Әнел Бақытқызы, постдипломдық білім беру факультетінің 2 курс резиденті — академик Вячеслав Нотанович Локшин атындағы стипендия
 - Жаманкулова Нуриля Смаиловна, 1 курс магистрант — профессор Мақсұт Кәрімұлы Құлжанов атындағы стипендия
 - Сукенова Динара Асықбаевна, 2 курс докторант профессор Мақсұт Кәрімұлы Құлжанов атындағы стипендия
 - Беркінбай Аман Бақытжанұлы, постдипломдық білім беру факультетінің 2 курс резиденті — академик Болатбек Бимендіұлы Баймаханов атындағы стипендия
 - Турғанбаев Ануар Бердібекұлы, постдипломдық білім беру факультетінің 1 курс резиденті — профессор Жанат Бақытқызы Испаева атындағы стипендия
 - Ажахметов Мадияр Бейбітұлы, педиатрия мектебінің 3 курс студенті — «Дәметкен» жеке қайырымдылық қорының стипендиясы
 














