ҚазҰМУ-дың зерттеу қызметі бойынша проректоры болып Бауржан Жусупов тағайындалды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Бұйрығымен 2017 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Жусупов Бауржан Сабитович С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің зерттеу қызметі бойынша проректоры болып тағайындалды.
Өмірбаян
Санкт-Петербург қаласында (Ресей) А.Ф.Можайский ат. Әскери инженерлік-космостық институтты, Олбани штатының (АҚШ) Нью-ЙоркУниверситеті қоғамдық денсаулық сақтау Мектебінде эпидемиология бойыншамагистратураны бітірген. Қазақстандық және халықаралық ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар.
Қоғамдық пікірді зерттеу Орталығында (ЦИОМ), Орталық Азияда аурулардың алдын алудың Америкалық орталықтарының кеңсесінде (CDC),«Шығыс-Батыс» СПИД фондында, Академиядағы профилактикалық медицина Орталығында, Колумбия университеті Орталық Азия бойынша ғаламдық денсаулықты зерттеу Орталығында, кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жұмыс істеген.
Қызығушылық саласына медициналық – әлеуметтік және эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, бағдарламаларды бағалау және деректерді статистикалық талдау кіреді. Рецензияланатын жарияланымдарда 9 басылымы бар. Кеңесші ретінде жұмыстарға белсенді түрде тартылады. Жеке алғанда, қайта жаңарту және даму Халықаралық банкінің тапсырысы бойынша «Саламатты Казахстан» денсаулықты дамыту бағдарламасынын аралық бағалауға қатысқан.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері» кафедрасының меңгерушісі.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі