ҚазҰМУ-дың «Нейронды синапстар» командасы Мәскеуде өткен халықаралық олимпиадада «Ең креативті команда» номинациясының жеңімпазы атанды
2026 жылғы 23–27 наурыз аралығында Мәскеу қаласында, И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің базасында медицина апаттары бойынша Халықаралық олимпиаданың офлайн кезеңі өтті. Аталған байқауға әртүрлі елдерден келген 16 үздік студенттік команда қатысты.
Қазақстан мен С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды беделді алаңда «Нейронды синапстар» командасы лайықты түрде таныстырып, жоғары дайындық деңгейін, кәсібилігін және клиникалық ойлаудың жаңашыл тәсілдерін көрсетті.
Командаға медицина магистрлері, жедел медициналық көмек кафедрасының профессор ассистенттері Балқанай Г.Б. және Елеусіз М.Е. жетекшілік етті. Қатысушылар олимпиаданың шынайы жағдайларға барынша жақындатылған күрделі бағдарламасынан сәтті өтті.
Қатысушыларға:
8 мамандандырылған станцияда 10 күрделі ситуациялық тапсырманы шешу;
Әскери оқу орталығы базасында тактикалық медицина дағдыларын көрсету;
«Кафедегі жарылыс» атты төтенше жағдай салдарын жою бойынша ауқымды сценарийге қатысу міндеттері жүктелді.
Жедел шешім қабылдауды, үйлесімді командалық жұмысты және жоғары стрессқа төзімділікті талап ететін жағдайларда ҚазҰМУ студенттері болашақ білікті мамандар ретінде өздерін жоғары деңгейде көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Нейронды синапстар» командасы құрмет дипломымен марапатталып, «Ең креативті команда» номинациясында жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар қатысушылардың тапсырмаларды шешудегі ерекше тәсілін және практикалық дайындық деңгейінің жоғары екенін атап өтті.
Команда құрамы:
Жалпы медицина-2 мектебі:
Әсентай Маруа Ерұланқызы
Омаров Қуаныш Серікұлы
Икметуллаев Жандаулет Бердахұлы
Бектеміс Серік Болатбекұлы (ЖМ21-014)
Педиатрия мектебі:
Жұмабек Расул
Умурбекова Алтынай Алишеровна (П21-017)
Алғыс сөздері
Команда мүшелері мен жетекшілері университет әкімшілігіне көрсеткен қолдауы және ҚазҰМУ-ды халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігі үшін шынайы алғыстарын білдіреді.
Ерекше алғыс:
Ректор — Шоранов Марат Едігеұлы
Проректор — Калматаева Жанна Амантаевна
Жалпы медицина-2 мектебінің деканы — Шопаева Гүлжан Амангелдіқызы
Педиатрия мектебінің деканы — Аипов Расулбек Рахманбердиевич
Жедел медициналық көмек кафедрасы мен Симуляциялық орталық ұжымына — жоғары деңгейдегі дайындық пен практикалық база үшін












