ҚазҰМУ-дың оқытушы-профессорлық құрамына ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылды
2015-2020 жылдардағы жол картасына сәйкес, үштілділік оқыту бойынша 2017 жылдың қаңтары мен мамырының аралығында ағылшын тілі кафедрасы ҚазҰМУ-дың оқытушы-профессорлық құрамының ағылшын тілін меңгеру деңгейін жоғарылату мақсатында сабақтар жүргізді. Оқытушыларды оқыту 3 топқа ұйымдастырылды: ОПҚ-тың деңгейлеріне байланысты 1 топ «Beginners»; 1 топ «Elementary»; 1 топ «Pre-Intermediate».
Сабақтар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқу үрдісін оңтайландыру үшін оқытудың келесідей инновациялық технологиялар: TBL, Case study, иллюстративті әдіс, вербальді және графикалық әдісі, ассоциограмм әдісі және т.б. қолданылды.
Ағылшын тілін оқыту курсы оқытушы-профессорлық құрамның тілді үйренуге деген ынтасын ашты, кәсіби дағдыларын дамытты.
Ағылшын тілі курстарын ұйымдастырып, атқарған жұмыстары үшін «Ағылшын тілі және кәсіби ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі, доцент О.Я. Сүлейменоваға, сол кафедраның аға оқытушысы А.А. Садыковаға және топтар бойынша сабақ жүргізген оқытушыларға ерекше алғыс білдіреміз:
- Аға оқытушы Б.М. Кайбалдиева (Pre-Intermediate тобы);
- Аға оқытушы З.М. Ултанбекова (Elementary тобы);
- оқытушы М.Б. Сайынова (Beginners тобы).
Кафедра қызметкерлеріне алғы уақытта жұмыста табыс тілейміз.
Академиялық қызмет департаменті