ҚазҰМУ-дың тұңғыш ректоры Санжар Асфендияров ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
ҚазҰМУ-да Санжар Асфендияров ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов, университет әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Бүгін елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтілуде. Сол қиын жылдары миллиондаған тағдырлар қиылды. Қазақстан аумағында 11 еңбекпен түзеу лагері жұмыс істеді, онда қазақ элитасының өкілдері өмірінің соңғы жылдарын азаппен өткізуге мәжбүр болды.
1936-1938 жылдар аралығында Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады, оның 25 мыңы атылды. Олардың 80%-ы қазақ зиялыларының элитасы, ғалымдар, мәдениет және саясат қайраткерлері болды.
Қазіргі ұрпақтың осы жылдар мен халық тарихында өшпес із қалдырған қайғылы оқиғаларды ұмытпау міндеті. Тпті, Қазақстанға жер аударылған бүкіл халықтар мен зиялы қауым өкілдері де қуғын-сүргінге ұшырады. Дәл осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет, саясат элитасының өкілдері атылды. Олардың қатарында біздің университеттің негізін қалаушы және бірінші ректоры Санжар Асфендияров та болды.
1937 жылы тамызда С. Д. Асфендияров қамауға алынды. Ол антисоветтік үгіт-насихат, көтерілістер ұйымдастыру, тыңшылық жасады деп айыпталып, 6 ай қамауда болды. Ал оның соты 1938 жылы 25 ақпанда небәрі 20 минутқа созылған. Ол бірнеше бап бойынша сотталып, ату жазасына кесілді. Санжар Сейітжапарұлы Асфендияров – КСРО Жоғарғы Сотының 1958 жылғы 26 мамырдағы шешімімен толық ақталды. ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 11 қаңтардағы қаулысымен медицина институтына (Қазіргі ҚазҰМУ) С.Д. Асфендияров есімі берілді.
Тәуелсіздік алғаннан бері саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша қажырлы жұмыс басталды, мыңдаған қазақстандықтар ақталды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Атышулы КАРЛАГ пен АЛЖИР лагерлері президент бастамасымен тоталитаризмнің адамгершілікке қарсы сипатын куәландыратын тарихи мемориалдық кешендерге айналды.
Ал, 1997 жылдан бастап 31 мамыр ресми түрде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Тәуелсіздігіміз бен Қазақстанның өркендеуі үшін өмірін қиған жандарды естен әсте шығармауыз қажет.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/қазұму-дың-тұңғыш-ректоры-санжар-асфе/