ҚазҰМУ-дың факультет декандары тағайындалды
ҚазҰМУ ректорының м.а. Н.К. Хамзинаның бұйрығымен факультет декандары тағайындалды.
Қоғамдық денсаулық сақтау, медико-профилактикалық, мейірбике ісі және менеджмент факультетінің деканы болып Давлетов Кайрат Киргизбаевич тағайындалды.
Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің деканы болып Сакипова Зуриядда Бектемировна (Техникалық пәндер курсымен дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі) тағайындалды.
Халықаралық медицина факультетінің деканы болып Құрманова Гаухар Медеубайқызы (№1 Ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі) тағайындалды.
Жалпы медицина факультетінің деканы болып Шопаева Гүлжан Амангельдіқызы (Жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры) тағайындалды.
Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы болып Сыдықова Сәуле Ілиясқызы тағайындалды.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі