ҚазҰМУ-дың қуатты клиникалық базалары
«Ақсай» бірегей емханасы 1954 жылдан бері жұмыс істейді. Eмхана жылына бес мыңға жуық балаға медициналық көмек көрсетеді, дәрігерлер көбінесе еліміздің әртүрлі аймақтарынан келген кішкентай науқастарды сырқатынан айығуға жалғыз үміт сыйлайтын бірегей оталар жасайды. Бірегей оталардың қатарында есту аппараттарын имплантациялау, жоғары технологиялық урологиялық операциялар, сколиозды түзету және күрделі бет-жақ патологиялары бар. Биылғы жылы «Қазақстан халқына» қорымен алынған препарат көмегімен балалардағы «ергежейлілікті» емдеу бойынша бірегей ем жасалды, сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет «көбелек-балаларға» операциялар жүргізілді.
Қазақ ұлттық медицина университетінің тағы бір маңызды клиникалық базасы – педиатрия және балалар хирургиясы саласындағы жаңа инновациялық технологиялар бойынша медициналық көмек көрсету мүмкіндігі бар «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ болып табылады. Орталық балалар онкологиясы, гематология, бағаналы жасушаларды трансплантациялау саласында емдеу жүргізеді. Мұнда сирек кездесетін аурулары бар балалар емделеді, кардиологиялық, гастроэнтерологиялық және ревматологиялық профильдер, сонымен қатар бронхопульмональды жүйенің туа біткен және тұқым қуалайтын аурулары бар балаларға арналған пульмонология бөлімі бар. Бұдан басқа, орталықта 4 реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (неонаталдық науқастар, ересек жастағы балалар, кардиохирургиялық және онкологиялық науқастар үшін) орналастырылған.
Жылына жеті мыңнан астам бала ем қабылдайды, тек 2023 жылдың соңғы үш айында 1748 бала емделді. Негізгі контингент Алматы, Түркістан облыстары және Алматы қаласынан келеді.