ҚазҰМУ-дың құрамында жаңа Кеңестер құрылды
2016 жылғы 17 қазан күні ректордың м.а. Нұргүл Хамзинаның төрағалығымен ҚазҰМУ-дың жаңа ұйымдастырылған құрылымына арналған ағымдағы оқу жылының бірінші ректораттың кеңейтілген отырысы өтті.
Сонымен, университет құрамында келесідей жаңа кеңестер жұмыс атқаратын болады:
- Академиялық кеңес
- Ғылыми кеңес
- Клиникалық кеңес
- Университеттік кеңес
- Басқарушы кеңес
Академиялық кеңес
Университеттің барлық академиялық сұрақтар бойынша саясатын қалыптастырудағы негізгі органы болып табылады.
Академиялық кеңестің мүшелері:
- Провост – кеңесті басқарады
- Академиялық қызмет бойынша проректор – орынбасар
- Декандар
- ОПҚ Сенатының Басшысы
- Білім алушылардың өкілдері
- Комитеттердің төрағалары
Жұмыс органы – Академиялық қызмет бойынша департамент
Ғылыми кеңес
Университеттің ғылыми мүдделерін үйлестірудегі негізгі консультативтік органы болып табылады:
Ғылыми кеңестің мүшелері:
- Провост – кеңесті басқарады
- Ғылыми жұмыс және инновациялар бойынша проректор – орынбасар
- Декандар
- Білім алушылардың өкілдері
- ҒК төрағалары
- ОПҚ Сенатының Басшысы
Жұмыс органы – Ғылым департаменті
Клиникалық кеңес
Университеттің клиникалық мүдделерін үйлестірудегі негізгі консультативтік органы болып табылады:
Клиникалық кеңестің мүшелері:
- Провост – кеңесті басқарады
- Клиникалық қызмет бойынша проректор – орынбасар
- Жалпы медицина мен Стоматология факультеттерінің декандары
- Меншікті клиникалардың директорлары
- Қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілі
- Студенттік өкілдер
Жұмыс органы – Клиникалық қызмет бойынша департамент
Университеттік кеңес
- Қызметі ҚР БҒМ заңымен реттеледі
- Ғылыми Кеңестің жұмысын жалғастырушы болып табылады
- Құрамы – ректор, проректорлар, Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, декандар, факультет өкілдері (квота бойынша), ОПҚ Сенатының Басшысы, 1 студент, 1 магистрант, 1 резидент, 1 докторант.
Басқарушы Кеңес – ректорат
- Университеттің негізгі басқарушы органы болып табылады
- Басқарушы Кеңестің (ректораттың) өкілдері (ректор, барлық проректорлар)
- Кеңейтілген ректорат (ректор, проректорлар, декандар, оқу департаменттерінің директорлары, ҒЗИ мен клиникалардың директорлары)
Және де ҚазҰМУ-дағы басты жаңа енгізілім, ол ағымдағы оқу жылынан жұмыс істейтін Оқытушы-профессорлық Сенат. Аталмыш Сенат алқалық пен корпоративтік басқару қағидаларына сәйкес университеттің оқытушы-профессорлық құрамының мүдделеріне өкілдік етеді. Сенат студенттерге,ОПҚ-ға, академиялық сұрақтар мен университеттің барлық қызмет түрлеріне қарасты жүргізілетін саясат бойынша әкімшілік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі