ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры А.Н. Нурмухамбетовтың 80-жылдығына арналған I-ші интеллектуалдық Олимпиада
I-ші интеллектуалдық Олимпиаданың ширақ бөлігі «Эндокриндік жүйе» бойынша 2018 жылдың 16 наурыз күні өтті. Нәтижесінде төрт команданың үшеуі ақтық сынға қатысатын болды. Олимпиадаға қатысқан «Жалпы медицина» мектебінің қазақ бөлімінде оқитын 3 және 4 курс студенттері.
Олимпиаданың ақтық бөлігі 2018 жылдың 18 мамырында ҚазҰМУ-нің Даңқ Залында өтті, «Жүрек қан-тамыр жүйесі» тақырыбы бойынша ҚазҰМУ-нің Құрметті профессоры А.Н. Нурмухамбетовтың 80-жылдығына арналды.
«Патологиялық физиология» кафедрасының доценті Толепбергенова М.Ж Олимпиада үшін клиникалық мысалдар топтамасын арнайы дайындады. Командалар клиникалық мысалдарды шешу барысында гистология және патофизиология пәндері бойынша тыңғылықты дайындық, терең білім көрсетті.
Олимпиаданың алдын «Жалпы медицина» мектебінің деканы, м.ғ.д. Шопаева Г.А. ҚазҰМУ-нің Құрметті профессоры А.Н. Нурмухамбетовты 80-жылдық мерей тойымен құттықтап, ашты. Профессор А.Н. Нурмухамбетовтың шәкірті «Жалпы хирургия» кафедрасының доценты м.ғ.к., Каныбековтың А.К., құттықтау сөзі күтпеген тосын сый болды. Олимпиаданың ақтық бөлігінің қазылар алқасы: ҚазҰМУ-нің Құрметті профессоры А.Н. Нурмухамбетов, «Жалпы медицина» мектебінің деканы м.ғ.д. Шопаева Г.А., «Гистология» кафедрасының меңгерушісі, доцент Ергазина М.Ж.
Олимпиаданың ақтық бөлігінің командалары:
- команда «Артерия» (топ мүшелері: Ахмет Мөлдір – капитан, Кошан Қайыпназар, Смайлов Махамбет)
- команда «Капилляр» (топ мүшелері: Мұратов Арман – капитан, Амангельдинов Ерлан, Мұса Жомарт, Турсынханов Мейіржан)
- команда «Вена» (топ мүшелері: Қазиева Айгерім – капитан, Басимбекова Ұлмекен, Мелис Айбек, Бердібек Ағабек).
Олимпиада сынақтары бірнеше кезектен тұрды: 1. «Ширату», гистология және патологиялық физиология пәндері бойынша 10 теориялық сұрақтар, 2. «Суреттер сөйлейді», патогенездің сызбасын немесе жүрек-қантамыр жүйесінің гистологиялық суреті бойынша мүшені анықтау, 3. клиникалық мысалдарды шешу барысында гистология және патофизиология пәндері бойынша дайындық деңгейін анықтау, 4. «Капитандар сайысы», команда капитандары тесттік тапсырмалар және клиникалық мысалдарды шешті. Кезеңдер арасында, қазылар топтардың жинаған баллдарын есептеді, көрермендер қызықты додаларға қатыстып, жүлделерге ие болды.
Олимпиаданың соңында командалардың алған орындары келесі: 1 орын «Капилляр» командасы, 2 орын –«Артерия» командасы и 3 орын –«Вена» командасы.
Олимпиадаға қатысқандар және көрермендер ҚазҰМУ-нің Құрметті профессоры А.Н. Нурмухамбетовтың батасын ал, Олимпиада жеңімпаздары құнды сыйлықтар алды. 1 орын иегерлері профессор А.Н Нурмухамбетовтың «Патологиялық физиология» оқулықтарымен марапатталды. 2 орын иегерлерін «Гистология» кафедрасының меңгерушісі доцент Ергазина М.Ж. «Цитология, эмбриология, гистология бойынша атлас», ал команда капитанын Ахмет Мөлдір, атласпен қатар ағылшын-орыс-қазақ гистологиялық терминдер сөздігімен марапатталды. 3 орын алған студенттер ағылшын-орыс-қазақ сөздігінің жаңа басылымын жеңіп алды. Команда капитаны Қазиева Айгерім А.Н. Нурмухамбетовтың «Патологиялық физиология» оқулығымен марапатталды. Олимпиаданың соңында естелікке суретке түсу рәсімі өтті.
Олимпиаданың екі кезеңін де «Патологиялық физиология», «Гистология» кафедралары және студенттер Үкіметі ұйымдастырып өткізді.