ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры Орвилл Брюс Рид Адамстың оқыту семинары
ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры Орвилл Брюс Рид Адамстың оқыту семинары
Визитинг-профессор Орвилл Адамс Брюс Рид және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен бірлесе отырып жоспарланған іс-шаралар аясында ағымдағы жылдың 16-21 ақпан аралығында ҚазҰМУ-да халықаралық денсаулық сақтау кафедрасының шақыруымен,Эпидемиология мен ауданға медициналық қызмет көрсету орталығының халықаралық қатынастар магистрі (Канада), Оттава университеті, экономикаадьюнкт-профессоры, визитинг-профессор Орвилл Адамс Брюс Ридтің лекциялары өткізілді.
Визитинг-профессор Орвилл Адамс Брюс Рид «Жалпы тәжірибелік дәрігері» мамандығының 6 курс студенттеріне «Денсаулық сақтау қажеттіліктерін бағалау» пәні бойынша «Алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету деңгейіндегі қоғамдық денсаулық сақтаудың заманауи мәселелері» тақырыбы аясында оқыту бағдарламасы ұйымдастырылды. Жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша студенттер болашақта визитинг-профессор Орвилл Адамс Брюс Рид лекцияларына қатысуға зор ықылас білдірді.