ҚазҰМУ-дың 4-5 курс студенттері ректорға өз сұрақтарын қойды
ҚазҰМУ-дың жоғары курс студенттері ректорға өз сұрақтарын қойды. Талғат Нұрғожин болашақ дәрігерлермен онлайн режимде кездесу өткізген болатын. Университет ректоры қашықтықтан оқыту форматына қарамастан, 4-5 курс студенттері клиникалық базаларда ішінара білім алып, қазір Алматыға келгендері жөн болатынын атап өтті.
«Пандемияға байланысты біз оқу жылын 1 қыркүйекте қашықтықтан бастаймыз. Бірақ, бізде 4-5 негізгі курс, жоғары курс студенттері клиникалық пәндерді оқитынын еске салғым келеді. Сондықтан біз сіздердің осында келгендеріңізді жөн санаймыз. Біз сіздергеге клиникаларда күндізгі сабақтардың 30% ұйымдастыра аламыз. Егер келу мүмкіндігі болса, бұл мүмкіндік 30% күндізгі форматта және 70% қашықтықтан өтеді. Қыста, барлық университеттер қалыпты оқыту форматына өте бастағанда сіздерге ертерек келулеріңізді сұраймын. Себебі, бұл уақытта жол билеті және тұратын үй бойынша мәселелер туындауы мүмкін. Сондықтан, егер қазір клиникаларға 30%, ал қашықтықтан 70% келіп оқуға мүмкіндік болса жақсы болар еді, сондай-ақ көптеген мәселелер шешілер еді», – деп атап өтті ректор.
Талғат Нұрғожин университеттің соңғы бірнеше жылдағы басты жетістіктерін айтып өтті.
- Студенттерді қабылдау жыл сайын артып келеді. 2017 жылы – 1869 студент, 2018 жылы – 1976 студент, 2019 жылы – 2085 студент. Шетелдік студенттер контингенті 19 пайызға артты.
- Республикалық және әлемдік рейтингтерде жетекші орындамыз
- Академиялық адалдық кодексін жетілдірілді, оқудан шығарылған студенттердің саны азайды.
- Қашықтықтан оқыту. Онлайн оқытуда ең жақсы бағдарламаларды пайдалану үшін лицензиялық рұқсаттар алынды. Жеке кабинеттерде студенттер хабарлама алатын болады. Бірыңғай комиссия және байланыс орталығы, сайт және телеграмма арнасынан кеңес алуға болады.
- Халықаралық университеттермен бірлесе жаңа оқыту бағдарламалары әзірленді. Жалпы 89 оқыту бағдарламасы бар. Ресей фармацевтика факультеті өзінің 90 жылдығына орай бізге магистратураға 10 грант сыйлаған болатын, бірақ біздің студенттерден небары 4 өтініш түсті. Бұл өте өкінішті. Сізге тегін грант берілген кезде, оны қолданбау дұрыс емес.
- Интерндерді тәуелсіз аттестаттау нәтижелері бойынша алдыңғы жылы өтпегендер 0,4% болса, биыл аттестаттациядан өтпей қалғандар жоқ. Бұл сіздердің сапалы білім алып жатқандығыңыздың анық белгісі.
- Университет клиникалары бойынша бәрін білесіз, 4-5 курс студенттері мұнда 30% білім ала алады.
- Ғылыми қызмет. Біз өткен жылы зертханалық зерттеулерге халықаралық аккредитация алдық, зертханалық сынақтардың 300-ден астам түрі жүргізілуде.
- Ғылыми жобалар жылдан жылға артып келеді, сондай-ақ оларды қаржыландыру, оның ішінде қосымша қаржыландыру да бар. Біздің университет жақында 4 жобаға грант алды, қазақстандық университеттер арасында ең көп алғаны біз болдық.
- Ғылыми басылымдардағы жарияланымдар саны бойынша бірінші орындамыз.
- Студенттердің жайлы білім алуына арналған инновациялық орта. Сіз бұл жерде жан-жануарларға операция жасай аласыз, қолайлы ортада еркін білім ала аласыз.
- Адам ресурстарын дамыту. Оқуға арналған магистранттар саны 10 пайызға артты. Біз оқытушыларымыздың дамуына үлес қосамыз. Олар шетелдік стажировкадан өтіп, біздің стратегиялық серіктестерімізде білім алады.
- Цифрландыру толығымен жүргізілді, инфрақұрылымды жаңарттық, компьютерлік парк 30 пайызға жаңартылды. Сіз мұнда университеттің компьютерлерінде оқи аласыз, университет аумағында барлық жерде тегін Wi-Fi бар, біздің клиникалардың желілік инфрақұрылымы 100 пайызға жаңартылды. Құжаттардың 95 пайызы цифрландырылды.
- Пандемияға байланысты кітапхана қоры толығымен жаңартылды, біз барлық қажетті ақпаратты алу үшін электрондық ресурстарды көбейтеміз. Барлық әлемдік халықаралық базалар бізге қолжетімді.
- Биылғы жылы біз симуляциялық орталықты толығымен жаңарттық, оның аумағы кеңейіп, жаңа жабдықтармен жабдықталды.
- Әлеуметтік-тәрбие жұмысы. Біз еліміздің ең үздік ақындарымен, ғалымдарымен, өнер қайраткерлерімен кездесулер өткізген болатынбыз. Тәрбие жұмысы басты назарда. Сондай-ақ, біз мұқтаж студенттерге, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуге басымдық береміз, жатақханалардан орын және басқа да көмек көрсетеміз: жеңілдіктер, тегін тамақтандыру, киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етуге өтемақы дегендей
- Волонтерлік жұмыс. Биылғы жыл еріктілер жылы деп жарияланды. Біздің студенттер еріктілердің қалай жұмыс істеу керектігін көрсетті. Біздің студенттер штабтарда жұмыс істеді, азық-түлік жиынтығын таратты, карантиндік провизорлық орталықтарда, көптеген клиникаларда жұмыс істеді.
- Жұмысқа орналастыру. Біздің студенттеріміздің тиянақтылығының арқасында біз тағы бір белесті бағындырдық – ол түлектеріміздің 100 пайызға жұмыспен қамтылуы.
- Пандемия кезеңіндегі қызмет. Пандемия кезінде белсенді көмектесіп, жұмыс істегендер марапатқа, алғыс хатқа ие болды. Біз үйге бара алмайтын дәрігерлерге 3 жатақхана бердік, ал бір жатақхананы карантин орталығына бердік, резиденттер емханаларда жұмыс істеді.
Талғат Нұрғожин студенттерді толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап беріп, оқу жылының басталуының басты түйінін нақтылап өтті.
- Оқудың басталуы –1 қыркүйек күні, Moodle білім беру порталы арқылы қашықтықтан оқыту форматы бойынша жүреді.
- Дәрістерге қосылу үшін минималды техникалық талаптар қойылған
- Университет компьютерлерінде оқу мүмкіндігі бар.
- Whatsapp бойынша оқуға тыйым салынады
- Оқытушы сабаққа қатысымды әр оқушының аккаунтынан видеотрансляциясы бойынша есептейтін болады.
- Студенттер оқытушы Білім беру порталында орналастыратын барлық тапсырмаларды орындауға міндетті.
- Студенттер көрнекі және сөйлеу этикетін сақтауға міндетті, атап айтқанда: ұқыпты сыртқы келбетке қойылатын талаптарды сақтау
- Емтихандар сессия кезінде прокторинг жүйесін қолдана отырып өткізіледі.
- Барлық жазбаша жұмыстар плагиатқа тексеріледі