ҚазҰМУ-дың 90 жылдығына орай волонтерлер «90 игі іс» қайырымдылық акциясын жалғастырды
ҚазҰМУ «Jas Otan» ЖҚ «Волонтер» бөлімінің «Bir úıdiń balasyndaı» қайырымдылық жобасы «I GO TO SCHOOL 2!» акциясын ұйымдастырды.
⠀
1 айға созылған акция аясында 200 000-нан (екі жүз мыңнан) астам қаражат көлемі жиналып жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына мектеп киімдері, қашықтықтан оқытуға байланысты қажет телефон мен ноутбук, одан бөлек демеушілер есебімен 90000 (тоқсан мың) теңгеге жуық қаражатқа оқу құралдары тарту етілді.
⠀
Атап айтсақ, Жамбыл облысынан бір отбасыға НОУТБУК, Сарыағаш қаласынан бір отбасыға, Алматы қаласынан үш отбасыға ТЕЛЕФОН және оқу құралдары, Шымкент қаласынан бір отбасыға, Алматы қаласынан бір отбасыға, Көкшетау қаласынан бір отбасыға, Сарыағаш қаласынан бір отбасыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен киімдер, Ақтөбе, Орал, Кентау, Тараз қалалары мен Қызылорда облысынан бір-бір отбасыдан киімдер табысталып, Республика бойынша жалпы саны 14 отбасыға көмек көрсетілді!