ҚазҰМУ жанындағы бастапқы медициналық-санитариялық көмек және диагностика орталығы университеттің емханасына профессорлық-оқытушылық құрамды және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерді тіркеу мүмкіндігі туралы хабарлайды
Құрметті С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері!
ҚазҰМУ жанындағы бастапқы медициналық-санитариялық көмек және диагностика орталығы университеттің емханасына профессорлық-оқытушылық құрамды және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерді тіркеу мүмкіндігі туралы хабарлайды.
БМСК және диагностика орталығы тіркелген тұрғындар үшін келесі аясында амбулаториялық-емханалық көмектің толық спектрін тегін негізде көрсетеді:
- Халыққа көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК),
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС).
Тіркелген контингентке кірмейтін қызметкерлер үшін ақылы медициналық қызметтер бекітілген прейскурантқа сәйкес ұсынылады.
БМСК орталығына тіркелудің артықшылықтары:
- университет аумағында ыңғайлы орналасуы,
- университет қызметкерлеріне басымдықпен қызмет көрсету,
- білікті мамандардан құралған ұжым,
- профилактикалық тексерулер мен диагностикаға қолжетімділік,
Тіркелу және кеңес алу мәселелері бойынша келесі мекенжайға жүгінуіңізді сұраймыз:
📍 Мекенжай: Алматы қ., Шевченко көшесі,126
📞 Байланыс телефоны: 7 727 292 -75-49, +7 727 338-70-00 ( регистратура)
8 707 809 9040 Турсунхан Турсунбековна (старшая медицинская сестра отделения ВОП)
Денсаулығыңызды күтіңіз – университет емханасына тіркеліңіз!


