ҚазҰМУ – жас ғалымдар мен ғылыми жаңалықтардың ордасы
«Фармация» секциясы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ЖОО ішілік конкурсының I және II кезеңдерінің қорытындысы
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 2024-2025 оқу жылында «Фармация» секциясы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының екі кезеңдік ЖОО ішілік конкурсы өткізілді.
I кезең (кафедралық деңгей)
Өткізу мерзімі: 25 қараша 2024 жыл – 24 қаңтар 2025 жыл
Бірінші кезеңге келесі кафедралардан 88 студент қатысты:
- Фармацевтикалық технология кафедрасы – 26 қатысушы;
- Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы – 17;
- Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы – 11;
- Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасы – 6;
- Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасы – 5;
- Инженерлік пәндер және тиісті практика кафедрасы – 20;
- Химия кафедрасы – 3.
Іріктеу қорытындысы бойынша конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін 56 студент ұсынылды.
II кезең (университеттік деңгей)
Өтетін күні: 1-2 сәуір 2025 жыл
Өтетін орны: 7 корпус, №9 аудитория
Екінші кезеңде ғылыми жаңалығымен, практикалық маңыздылығымен және жұмыс мазмұнының жоғары сапасымен ерекшеленетін студенттердің ерекше жобалары ұсынылды.
Жүлделі орындар:
Екінші орын:
- Советбек Индира (4 курс ФӨТ БББ) – «Таубас сасыры (Ferula dissecta (Ledeb.) Ledeb.) шикізатының фармацевтика-технологиялық параметрлерін зерттеу».
Ғылыми жетекшісі: Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры, PhD – Жумашова Г.Т.
- Бахытжан Азамат (4 курс ФӨТ БББ) – Разработка технологии получения и контроль качества экстракта из травы эхинацеи пурпурной (Echinacea purpurea L.).
Ғылыми жетекшісі: Ботаника курсымен фармакогнозия кафедрасының лекторы, экономика ғылымдарының магистрі – Ан В.С.
Үшінші орын:
- Каимова Мукадас (4 курс ФӨТ БББ) – Бұқтарма жабрицасы (Seseli Buchtormensis L.) шикізаты жер асты бөлігінің анатомиялық-диагностикалық ерекшеліктерін және технологиялық параметрлерін анықтау.
Ғылыми жетекшісі: Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – Тлеубаева М.И.
- Кайрбекова Аделя (4 курс ФӨТ БББ) – Термопсис құрғақ экстрактымен (Thermopsidis extractum siccum) түйіршіктердің құрамын, технологиясын әзірлеу және сапа көрсеткіштерін анықтау.
Ғылыми жетекшісі: Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – Тлеубаева М.И.
- Иманғазы Аяжан (4 курс ФӨТ БББ) – Дезинтоксикация үшін ұсынылатын кешенді фито-шайды жасау және сапасын бағалау.
Ғылыми жетекшісі: фармацевтикалық технология кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры, PhD – Қойлыбаева М.К.
Арнайы номинациялар:
- «ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯ ҮШІН» – Мусанова Наргиз, Убайдулла Алдияр (2 курс «Жалпы медицина» БББ). Ғылыми жетекшісі: Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор Бошкаева А.К.; профессор Маемеров М.М., техника ғылымдарының магистрі Масакбаев А.Д.
- «ҮЗДІК СТУДЕНТТІК БАЯНДАМА» – Жорабек Еркебулан (3 курс ФӨТ БББ). Ғылыми жетекші: Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кожанова К.К.
- «ШЕКСІЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» – Кенжанова Томирис (4 курс ФӨТ БББ). Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., фармацевтикалық технология кафедрасының профессоры Қизатова М.Ж.
- «ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ ТОП» – Крымкул Нурай, Шаматаева Айзада (4 курс ФӨТ БББ). Ғылыми жетекшісі: Биотехнология және жалпы химиялық технология кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, PhD Жапаркулова К.А.
- «ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ БАР ҮЗДІК СТУДЕНТТІК ЖҰМЫС» – Амангелді Аружан (4 курс ФӨТ БББ). Ғылыми жетекшісі: Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Рахымбаев Н. А.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Университет басшылығы барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және конкурстық комиссия мүшелеріне белсенді қатысқаны және студенттік ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсына қатысу үшін қосымша іріктелген жұмыстар
«Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ЖОО ішіндегі конкурсының екінші кезең аясында жүлделі орындарға ие болмағанына қарамастан, өзіндік ерекшелігін, ғылыми негізділігін және практикалық маңыздылығын көрсеткен ғылыми жұмыстар атап өтілді.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсына университеттің атынан қатысу үшін іріктелген қосымша қатысушылардың қатарына мынадай білім алушылар кірді:
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор Бошкаева А.К. жетекшілігімен Танагузов Темирхан Мейрбекович (3 курс «Фармация» БББ) «Компьютерное моделирование новых производных сульфаниловой кислоты» тақырыбындағы ғылыми жұмысы ұсынылды.
Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – Тлеубаева М.И. жетекшілігімен Әділбекова Әсел (3 курс «Фармация» БББ) «Тиісті дәріхана практикасының шарттарын ұйымдастыру бойынша жобалық жұмыс» тақырыбындағы ғылыми жұмысы ұсынылды.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Республикалық конкурсқа «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ (Білім Беру Бағдарламасы) бойынша 5 ғылыми жұмыс және қазіргі заманғы фармацевтикалық ғылым мен практиканың өзекті бағыттарын көрсететін сарапшылар жоғары бағалаған «Фармация» БББ бойынша 2 ғылыми жұмыс ұсынды.