ҚазҰМУ «Жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау» магистерлік бағдарламасын іске асыра бастады
ҚазҰМУ Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің «Денсаулық сақтау саясаты мен менеджменті» кафедрасы «Жаһандық денсаулық және денсаулық сақтау» магистерлік бағдарламасын іске асыра бастады. Өзара байланысты нығайту мақсатында ҚазҰМУ Жаһандық денсаулық сақтау бойынша Университеттер Консорциумының (CUGH) құрамына кірді.
Жаһандық денсаулық сақтау бойынша Университеттер Консорциумы (CUGH) әлемдегі адамзат денсаулығын жақсарту мен денсаулық сақтаудың жаһандық мәселелерін шешу мақсатымен білім алмасу мен пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Консорциум қатысушыларға өздерінің жаһандық денсаулық сақтау бағдарламаларын күшейтуге көмектеседі, білім беру, зерттеулер мен қызмет көрсетулер саласында тәдірибе алмасығу мүмкіндңк туғызады.
Әділдікті қамтамасыз ету мен әлемдегі денсаулыққа қатысты теңсіздікті азайтуға бағытталған. CUGH адами капиталды дамыту және де институттардың мәселерді шешудегі мүмкіндіктерін күшейту мақсатында бай және кедей ресурсты елдердегі университеттердің арасындағы узақ уақытты және өзаратиімді серіктестік қатынастарын жақсартады. Өмірде білімді дәріптеуге шақырады.
CUGH құрамына кіру бойынша қосымша ақпаратты алу үшін мына сілтеме: www.cugh.org