ҚазҰМУ командасы шағын футболдан турнирде I-ші орынды иеленді
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да Алматы университеттері мен медициналық ұйымдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізді. Жарыс медицина қызметкерлері күніне арналды.
Барлық командалар жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, керемет ойын көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша І орынды алаң иелері – Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің командасы, ІІ орынды – Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының командасы иеленсе, Қазмед командасы үздік үштікке кірді.
Барлық жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен марапаттар табысталды. Сондай-ақ, турнирге қатысущылар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы» және «Үздік қорғаушы» номинацияларымен де марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және ұйымдастырушы ҚазҰМУ-дың дене шынықтыру орталығына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ мини-футболдан турнирді жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан университет кәсіподағына да алғысымыз зор.