ҚазҰМУ кітапханасында қандай өзгерістер болады – университет ректоры айтып берді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов профессор-оқытушылар құрамымен кездесуде университет кітапханасын трансформациялау туралы жоспарларымен бөлісті.
Университет кітапханасы 24/7 қағидаты бойынша ақпараттың үлкен ағынын бағдарлауға көмектесетін жаңа ақпараттық жүйелермен жұмыс істейтін жеке, бірлескен жұмыстардың заманауи аймағы болады.
«Кітапхана – ең алдымен студентке, ғалымға, оқытушыға немесе кез келген іздеушіге қажетті ақпаратты табуға көмектесетін нұсқаушы іспеттес. Әзірге автоматтандырудың толық циклі жоқ, біз бұл міндетті 2024 жылға қойып отырмыз», – деді Марат Шоранов.