ҚазҰМУ мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Орал қаласында Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) мен **Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Бұл қадам ғылым, білім және тарихи мұраны сақтау салаларындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.
🔹 Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
📌 Ғылыми зерттеулер мен мұрағат материалдарымен алмасу
📌 Бірлескен конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыру
📌 Маншүк Мәметованың өмірі мен ерлігін зерттеу және насихаттау
📌 Ортақ көрмелер, экспедициялар және ғылыми зерттеулер өткізу
📌 Ғылым, білім және мәдениет саласындағы мамандар арасындағы байланысты кеңейту
Бұл Меморандум студенттер мен ғылыми қауымдастық үшін зерттеу жұмыстарын дамытуға және тарихи мұраны дәріптеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. ҚазҰМУ мен музей арасындағы бірлескен жұмыс ұлттық мәдени мұраны сақтауға және жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесін нығайтуға өз үлесін қосады.