ҚазҰМУ мен Ташкент мемлекеттік медицина университеті өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Өзбекстанда өтіп жатқан Қазақстан медицинасы күндері аясында С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Ташкент мемлекеттік медицина университеті өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов пен Ташкент мемлекеттік медицина университетінің ректоры Шухрат Боймурадов қол қойып, екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық әріптестікті нығайтудың маңызын атап өтті.
Марат Шоранов бұл келісім медициналық білім мен ғылым саласындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ бірлескен жобалар мен бастамаларды дамытуға жол ашатынын айтты.
Өз кезегінде Шухрат Боймурадов ҚазҰМУ-мен әріптестік қарым-қатынас тәжірибе алмасуға, заманауи білім беру технологияларын енгізуге және екі ел университеттері арасындағы ғылыми байланыстарды күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Меморандумға қол қою рәсімі Қазақстан мен Өзбекстанның медициналық университеттері арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мен ынтымақтастықты кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.