ҚазҰМУ мен UA SUNY арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша білім алу
2019 жылғы 1 сәуірде С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Нью – Йорк Штатының университеттерінің (University at Albany, State University of New York (UA SUNY құрамына кіретін Олбани Университетімен ҚазҰМУ қоғамдық денсаулық сақтау саласының бакалаврін және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша (4 жыл) америкалық бакалавр дәрежесін тағайындап қосдипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойды.
Нью-Йорк Штатының университеті (SUNY) – Құрама Штаттағы 424 051 студент білім алатын, барлық штат бойынша 64 кампусты қамтитын университеттердің, колледждердің және муниципалды колледждердің ірі жүйелі кешені.
SUNY унивесритетіне ірі төрт университет қарайды: Олбани (1844 г.), Бингемтон (1946 г.), Буффало (1846 г.) и Стоуни-Брук (1957 г.). Унивесритеттің әкімшілік кеңселері штаттың астанасы Олбани қаласында, сонымен қатар филиалдары Манхэттенде, Нью-Йорк және Вашингтон, Колумбия қалалары аумақтарында орналасқан.
ҚазҰМУ мен UA SUNY арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасы бойынша білім алудың артықшылықтары:
1. Халықаралық білім алу тәжірибесі;
2. Мамандық бойынша алдыңғы қатардағы білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға негізделе отырып құзыреттілікті қалыптастыру;
3. 4 жыл ішінде барлық пәндер тек қана ағылшын тілінде жүргізіледі, ағылшын тілін fluent деңгейінде жетік біліп шығады;
4. Пәндерден сабақты Қазақстан және АҚШ-тан келген оқытушылар жүргізеді;
5. Оқу жылының 4-ші оқу жылы жыл көлемінде АҚШ – тағы UA SUNY университетінде өткізілетін болады;
6. Мәдениетаралық коммуникация: шет елде өмір сүру дағдысын қалыптастыру;
7. Оқу интерактивті режимде алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша жүргізіледі (топтық жобалар, талқылау, белсенді оқыту, презентациялар, форумдар, тәжірибелік жұмыстар);
8. 4 жылдық оқу барысында ҚазҰМУ және UA SUNY-дің халықаралық және қазақстандық үлгідегі (әлемде мойындалған) 2 диплом алатын болады.
ҚОСДИПЛОМДЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. Жалпы орта білім немесе орта мамандырылған білім
2. 65 балдан төмен емес ҰБТ сертификаты
3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі – IELTS 6.0
4. Ағылшын тілінде эссе
5. АҚШ та оқу үшін өмір сүру және жол қаражатын төлеуге қаржылай мүмкіндігінің болуы
ҚазҰМУ /UA SUNY-дің бірлескен бағдарламасы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін оқудың төлем ақысы:
ҚазҰМУ (Қазақстан) – 1-3 курс – академиялық жылға – 770 700 тенге
UA SUNY – 4 курс – академиялық жылға – 25 000 $
Оқу мерзімі: 4 жыл
Байланыс телефондары:
Тел: +7 (727) -338-70-38
www.kaznmu.kz