ҚазҰМУ Орал филиалы – аймақтарды дамыту
2019 жылдың қыркүйегінде филиал «Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі» ЖШС базасында ашылды. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша кейіннен сатып алу құқығымен 3 жылға сенімгерлік басқаруға «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ берілді. Тапсырудың негізгі шарттары – қызмет бейінін 30 жыл аралығында сақтау, жоғары білікті кадрларды даярлау, жаңғыртуға, дамытуға және 130 млн.теңгеге жабдықтар сатып алуға қаражат салу, медициналық клиникалар базасында практикалық дағдыларға оқыту болып табылады.
Жетекші қазақстандық медициналық университеттің қолдауымен колледжде кардиохирургия, онкология, акушерлік және гинекология, хирургия және балалар хирургиясы сияқты жаңа мамандықтар енгізілді. Қазіргі уақытта колледжде емдеу және мейірбике ісі бойынша білім беріледі, сонымен қатар фармацевтика, гигиена және зертханалық диагностика саласындағы мамандардын дайындайды.
ҚазҰМУ колледжді тапсыру оқу сапасын арттырумен қатар бюджетке жүктемені төмендетуге мүмкіндік берді. 2021 жылы ҚазҰМУ Орал қаласындағы филиалында 73 оқыту циклы өткізілді, онда 680 курсант оқытылды. 2020 жылмен салыстырғанда өткізілген циклдардың 135% өсуі байқалады, оқытылғандардың саны 197% ұлғайған, табыс 158% көтерілген. Филиалдың 2021 жылғы табысы -16 810 000 теңгені (2020 ж-10 510 000 теңге) құрады. Оқыту ҚазҰМУ оқытушылары тартыла отырып, онлайн режимде жүргізілді.
Циклдардың тақырыптары медициналық ұйымдардың өтінімдеріне байланысты қалыптасты, олар Патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивтік моделі», «Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу», «Ауруларды басқару бағдарламасы», коронавирустық инфекция бойынша циклдар, «РҚТБ жағдайында КВИ бар науқастарды жүргізу», «КВИ туындаған пневмониямен ауыратын науқастарға мейіргерлік күтім» және т.б. нәресте және ана өлімінің алдын алу бойынша циклдар – «Антенатальды күтім», «Жүкті әйелдердегі эктрагенитальды патологияны диагностикалау және емдеу», «Жүкті әйелдердегі гестоздарды диагностикалау және емдеу», «Иммунопрофилактика». Сондай-ақ «Терапияның, герантологияның өзекті мәселелері», «Клиникалық ЭКГ» және т.б. бойынша циклдер өткізілді.
ҚазҰМУ филиалы арқылы 425 дәрігер, 255 орта медициналық қызметкерлер білімін шыңдады.