ҚазҰМУ Оқушылар сарайындағы Жалпы қалалық кәсіби бағдар беру бойынша форумында
2017 жылдың 19 наурызында сағат 10.00-17.00 аралығында Алматы қаласының Оқушылар сарайында ҚР жетекші ЖОО-ның қатысуымен Алматы қаласының 8 ауданының жалпы білім беру мектептері жоғарғы сынып оқушыларына арналған Республикалық «Современное образование» журналының редакциясы мен Алматы қаласы білім беру басқармасының ұйымдастырумен жалпы қалалық кәсіби бағдар беру бойынша форум және жоғары оқу орындарының көрмесі өтті.
Университеттің Республикалық «Современное образование» журналының редакциясымен бірлескен жұмысы аясында Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының басшысы Кусаинова А.Т. және жетекші маман Абжанова К.К., «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары Абдықалықова А.И., «Жалпы медицина» факультетінің студенттік деканы Мәмбет Ержан, «Стоматология» факультетінің декан орынбасары Жексембиева А.Д., «Информатика биофизика курсымен» кафедрасының «Биофизика» курсының аға оқытушысы Нұртаева Г.К. аталған ауқымды іс-шараға қатысып, Алматы қаласының 8 ауданының жалпы білім беру мектептері жоғарғы сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Жалпы қалалық кәсіби бағдар беру форумына Алматы қаласы жалпы білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Іс-шара бағдарламасы «Медицина, денсаулық сақтау, спорт және туризм», «Техника, технологиялар, информатика, көлік, дизайн, логистика», «Бизнес, экономика және қаржы», «Гуманитарлық пәндер», «Колледждер мен орта-кәсіптік білім беру» сессияларын қамтыды. ЖОО көрмесі барысында жалпы қалалық кәсіби бағдар беру форумының қатысушыларына маман дайындау бағыттары, ҚазҰМУ-ге құжат тапсыру ережелері және оқуға түсу туралы кеңестер беріліп, Университет жайлы ақпараттық материалдар таратылды. Іс-шара бағдарламасына сәйкес, оқушылар ЖОО көрмесінде де, «Медицина, денсаулық сақтау, спорт және туризм» сессиясында да ҚазҰМУ факультеттері мен мамандықтары туралы толық ақпарат алды. Болашақ талапкерлер Университет қызметкерлеріне өздерін қызықтыратын, толғандыратын сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және
бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы