«ҚазҰМУ Педиатрия Мектебінің түлегі – 2022»
Педиатрия факультеті 1938-жылы ашылды. Оның тұңғыш деканы профессор А.И Малинин 1938-жылдан 1941-жылға дейін акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі де болды. 1941-1945 жылдары факультет деканы педиатрия кафедрасының меңгерушісі профессор В.А.Сурат болды. Факультетті 1945-жылдан 1947-жылға дейін профессор О.С.Глозман, 1948-жылдан 1954-жылға дейін педиатрия кафедрасының доценті А.М.Кропачев басқарды.
1956-1964-жылдар аралығында факультет деканы профессор А.И.Авенирова болды.
1965-жылдан 1969-жылға дейін факультетті доцент Н.Н.Вишняков басқарды. 1969-ылдан 1978-жылға дейін факультетті профессор Н.А.Барлыбаева басқарған кезде факультетте интернатура ашылды. Әр жылдары факультета деканы болып танымал ғалым, жоғары білікті балалар хирургі академик К.С.Ормантаев (1978-1980, 1988-1991гг.) жұмыс істеді.
1980-жылдан1988-жылға дейін доцент Г.А.Вуйко факультет деканы болды. 1991-1995-жылдары факультетті профессор К.К. Кожаханов басқарды. 1995 жылы факультет деканы болып республикадағы денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушылардың бірі профессор Б.Д.Тастанбеков тағайындалды. 2002-жылдан 2004-жылға дейін факультет деканы профессор Т.П.Ударцева болды. 2004-2008-жылдары факультет деканы қызметін профессор А.Ж.Жаханов атқарды. 2006-жыл мен 2010-жыл аралығында. факультетті профессор Т.М.Имамбаева басқарды.
2007-жылы медициналық ЖОО-лар кадрларды даярлаудың жаңа үлгісіне көшкендіктен, педиатрия факультеті жалпы медициналық бағытттың ішіне қосылды.
2017 жылы бакалавриат бағдарламасына педиатрларды қабылдау қайта жанданды, Педиатрия мектебі құрылды, бүгінде соңғы 15 жылда алғаш рет 138 түлек диплом алды, оның ішінде екі түлек үздік диплом иегерлері.
Бұл оқиға мектеп бітірушілер үшін ғана емес, сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпіріндегі университет пен педиатрлар үшін де маңызды. Университет педиатрларды дайындау дәстүрін мұқият сақтай отыра , жалғастыруда. Педиатрия мектебі белгілі отандық ғалымдарды, еңбек сіңірген дәрігерлер мен оқытушыларды біріктірді, олардың арқасында ҚазҰМУ-дың педиатрия білім беру бағдарламасы биыл 5 жылға аккредитациядан өтті.
Жыл сайын Қазақстан Республикасында 390 мыңнан астам бала дүниеге келеді, Қазақстан Республикасындағы балалардың жалпы саны 6 289,8 мың баланы құрады.
Балалардың денсаулығын нығайту, педиатриялық қызметті дамыту мемлекет пен Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында ерте анықтау, уақытылы түзету және емдеу үшін ұлттық скринингтік бағдарламалар жетілдіріліп, тұқым қуалайтын метаболикалық ауруларды, сенсорлық бұзылыстарды диагностикалаудың жаңа әдістері енгізілуде, онкологиялық науқастарды емдеуге толықтай мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Соңғы 5 жылда педиатриялық қызметтің арқасында бала өлімінің 1,4 есеге, сәби өлімінің 1,2 есеге төмендеуі байқалды.
Нәрестелер өлімінің негізгі себептері перинаталдық жағдайлар мен туа біткен даму ақаулары болып қала береді. Бұл көрсеткіштерді одан әрі төмендету үшін әртүрлі перинаталдық технологиялар енгізілуде, неонатальды хирургия, балалар кардиохирургиясы қызметтері дамытылуда.
Педиатрия мектебінің барлық түлектері интернатурада, резидентурада оқуын жалғастырады.
Мерекелік іс-шараға профессорлық-оқытушылар құрамы, университет әкімшілігі, ата-аналар, университет түлектері қатысты: оқу ісі жөніндегі проректор Байльдинова Клара Женисовна, профессор Хабижанов Болат Хабижанович, профессор Батырханов Шайхслам Килибаевич, профессор Турсунов Капан Турсунович, профессор Куттыкожанова Галия Габдуллаевна, Педиатрия мектебінің деканы Сыдыкова Сауле Ильясовна, Халықаралық факультетінің деканы Джардемалиева Нуржамал Женисовна, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Катарбаев Адыл Каирбекович, Н.А. Барлыбаева атындағы неонатология курсы мен балалар аурулары кафедрасының меңгерушісінің м.а. Ташенова Гульнара Талиповна, балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі Сагатбаева Нургуль Абаевна.
Құрметті түлектер, баршаңызды С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Педиатрия» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасын аяқтауларыңызбен құттықтаймыз. Сіздерге сәттілік, денсаулық, өркендеу және кәсіби табыс тілейміз!