ҚазҰМУ пластикалық хирургия кафедрасына қалай түсуге болады және білім алу бағасы қанша тұрады?
Еліміздегі алғашқы ҚазҰМУ пластикалық хирургия, эстетикалық медицина және лазерлік косметология кафедрасының оқу бөлімінің меңгерушісі, пластикалық хирург, жоғары білікті санатты хирург Момынжан Надыров резидентураға түсу тәртібі туралы студенттер қызығушылық танытқан сұрақтарға толық жауап беруге тырысты.
«Сізді емтихансыз қабылдамайды. Сізге алдымен емтихан тапсыру қажет. Басқа резиденттер сияқты университетке құжаттар тапсыру қажет. Осы процедуралардан өткеннен кейін сізге сұхбаттасу күні тағайындалады, университет сайтында сұрақтар көрсетілген, 50 жуық сұрақ бар, сіздер олармен алдын-ала танысып, дайындала аласыздар. Тағайындалған күні келесіз, біз кафедра қызметкерлерімен сұхбаттасып, сіздің білім деңгейіңізді қарап, болашақ пластикалық хирург ретінде бізге жарайсызба шешеміз», – деп атап өтті Момынжан Надыров.
Кафедраның оқу бөлімінің меңгерушісі білім алу бағасы жылына 2 млн. теңгеден сәл асатынын, бұл сома шетелге қарағанда айтарлықтай төмен екенін атап өтті. Дегенмен, Момынжан Надыров білім алу бағасы оқу материалдарының, операциялардың, сондай-ақ оқытушылардың еңбегінің қымбаттауына байланысты өсуі мүмкін екенін атап өтті. «Біз эксклюзивті мамандарды дайындаймыз, олармен барлық біліміміз бен техникалармен бөлісеміз, нәтижесінде біз жоғары білікті мамандарды дайындаймыз деп үміттенеміз», – деді Момынжан Надыров.
Пластикалық хирургия, эстетикалық медицина және лазерлік косметология кафедрасы 2019 жылдан бастап табысты жұмыс істеп келеді. Ол Қазақстандағы алғашқы және әзірше жалғыз кафедра. Резиденттер Алматы қаласындағы «PromoItalia» Пластикалық хирургия және эстетикалық медицина жетекші клиникаларының және Нұр-Сұлтандағы «АМС» базаларында оқиды, кафедраның клиникалық базасы Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасы болып табылады.
Аталмыш клиникалар аналогтары ТМД тағы екі-үш клиникада бар, жаңа заманауи жабдықтармен жабдықталған. 4 жылдық резидентураны аяқтағаннан кейін олар жоғары деңгейдегі мамандар қатарын толтырмақ. Білім алу барысында олар өздері және тәжірибелі мамандарға көмек көрсету арқылы 50 жуық ота жасайды.
Қазақстанның тәжірибелі пластикалық хирургтары студенттермен өз білімдерімен бөліседі. Кафедра базасында әлемнің түрлі елдерінен келген профессорлар мен клиницистер үнемі шеберлік сыныптары мен оқыту семинарларын өткізеді.
Кафедраның клиникалық базаларында кең таралған блефаропластикадан бастап, бірегей қалпына келтіру операцияларына дейінгі қызметтердің кең спектрі бар. ҚазҰМУ пластикалық хирургия кафедрасының меңгерушісі Леон Дерябин ерекше операция туралы айтып берді.
«Мынандай қызықты жағдай болған: екі дос төбелесіп, біреуі мұрнын тістеп алған, мұрынның ұшы табылмады, маңдайынан жаңа мұрын жасауға тура келді. Қатарынан 6 операция жасалды, негізінде елімізде мұндай операциялар жасалмайды. Бірақ біз науқасқа көмектесе алдық, мен оны көріп тұрамын, ажырату мүмкін емес, өте шынайы көрінеді»,- деді Леон Дерябин.