ҚазҰМУ пластикалық хирургия кафедрасында оқыту қалай жүргізіледі
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 4 жылдан бері пластикалық хирургтарды оқытып келеді. Пластикалық хирургия, эстетикалық медицина және лазерлік косметология кафедрасы бұл саладағы мамандардың жетіспеушілігінен құрылды. Қазіргі таңда бұл мамандық бойынша бітіруші түлектерге жеке және мемлекеттік жұмыс берушілер жұмыс ұсынып, кезекте тұр.
Резиденттер «PromoItalia» және «АМС» атты ең заманауи пластикалық хирургия клиникаларының базасында оқытылады, мұнда барлық операциялар жүргізіледі. Бұл клиникалар заманауи жабдықтармен жабдықталған, оның аналогтары ТМД елдерінің 2-3 клиникасында ғана бар. 4 жылдық резидентураның соңында олар жоғары деңгейлі мамандарға айналады. Оқу кезеңінде резиденттер тәжірибелі мамандармен бірге 50-ге жуық операция жасайды. Кафедра дененің әртүрлі аймақтарында реконструктивті операцияларды, пластикалық және эстетикалық операцияларды жүргізуге үйретеді.
«Хирург – бұл қолмен жұмыс істей алатын тәжірибелі маман. Сондықтан біздің клиника немесе серіктес клиникалар негізінде резидентурадан өткен әрбір хирург бірінші курстан бастап операцияларға қатысады, көмектеседі. Резидент кураторының бақылауымен кесте бойынша операциялар көлемін орындауы қажет. Төртінші курста резидент хирург ретінде жетекшінің бағыттауымен операцияларды өткізуге рұқсат етіледі. Резиденттер оқуға түскенде көбінесе хирургиялық дағдыларды білмей келеді. Мұнда біз тігуді, таңуды, емдеуді, ісінумен күресуді, операция кезінде қандай да бір асқынулармен күресуді үйретеміз. Көбінесе хирург мамандар 40 жасқа дейін бітіреді. Ал бізде қазірдің өзінде 32-33 жасында толыққанды хирург болып жоғары деңгейлі операциялар жасай алады», – деді кафедра меңгерушісі Леон Дерябин.
Резиденттерге игерілетін операциялар шеңберіне блефоропластика, маммопластика, іш хирургиясы, липосакция және пластикалық хирургқа қажет басқа операциялар кіреді.