ҚазҰМУ профессорлары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағына ие болды
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ұжымы РФ мен ҚР медицина ғылымдарының докторы, профессор Мұсаев А.Т. және медицина ғылымдарының докторы, профессор Құдайбергенова С.Ф. МОН ҚР 2017 ж. «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» жүлдесімен құттықтайды. Осы жолы да жоғарғы атақты Қазақстандағы жоғарғы медициналық оқу орындарының арасында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің оқытушылары иеленді. Жүлдені ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тапсырды.
Профессор Мұсаев А.Т. – РФ және ҚР медицина ғылымдарының докторы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Жедел және шұғыл медициналық көмек» кафедрасының профессоры. Профессор Мұсаев А.Т. 220 дан астам ғылыми, методикалық жұмыстар, монографиялар және патент авторы болып табылады. Импакт- фактормен рейтингі жоғары ғылыми шығарылымдарда 20-дан астам ғылыми мақалалары жарияланған. Бір мақаласы АҚШ-тағы «Journal of Genetic Syndromes & Gene Therapy» (Thomson Reuters, Pubmed, scopus) Impact Factor: 5.89. ICV: 5.29. журналында «Apolipoprotein Gene Polymorphisms (APOB, APOC111, APOE) in the Development of Coronary Heart Diseasein Ethnic Groups of Kazakhstan» жарияланған. Жоғарғы біліктілік санатты дәрігері. А.Т. Мұсаевтың ғылыми жетекшілігімен медициналық ғылымдар кандидаты және ғылым докторы дайындалған. Оның ғылыми жетекшілігімен ізденушілер жұмыс жасайды және студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Студенттері Халықаралық және Республикалық студенттік ғылыми-тәжрибелік конференцияларға қатысқан. Мұсаев А.Т. Университеттік және Республикалық ғылыми-зерттеу жобалары мен шартты жұмыстарға қатысқан және қатысады. АҚ «Мемлекеттік Ұлттық ғылыми-техникалық экспертиза орталығының» құрамында ғылыми, ғылыми- техникалық жобалардың ғылыми зерттеу мен оларға есеп беру мақсатында сатылып, гранттық қаржыландырылған конкурстар шектеулерінде эксперттік комиссия құрамының эксперті болып табылады. Республикалық және Халықаралық деңгейдегі конгрестер мен конференциялар ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушысы. «Екінші Бүкіләлемдік Конгресте педиатриялық Консенсус пен балалар денсаулығы» Германия (Келен)., Испанияда, Будапеште (Венгрия), Болгарияда, Лиссабондағы (Португалия) халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференциялар қатысушысы және мәлімдеме жасаушысы. Медицина ғыламдарының докторы, профессор Мұсаев А.Т Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Агенттігінің құрмет марапатымен марапатталған. Қазақстан Республикасының халқының денсаулығын сақтауға бағытталған еңбегі сіңген жұмыстары үшін, Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министирлігінің «Қазақстан республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» атты кеуделік мөрімен марапатталған. 2015 жылы еңбектегі, оқудағы, тәрбие ісіндегі, ғылым және әкімшілік-шаруашылық қызметіндегі жетістіктерімен Университет дамуына үлес қосқаны үшін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің құрмет грамотасымен марапатталды. Екі жыл қатарымен 2016, 2017 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ-дың клиникалық кафедраның үздік профессоры» атағының жеңімпазы. 2006, 2017 ж. ҚР ғылымдары мен Білім беру Министрінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының мемлекеттік грантының иегері
Кудайбергенова Сауле Фазыловна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оториноларингология кафедрасының меңгерушісі.
Жоғарғы біліктілік санатты оториноларинголог дәрігері.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік органдардың және сот-атқару жүйесінің сұранысы бойынша тәуелсіз сарапшысы (2015 ж.).
2013 ж. – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Австрия (Инсбрук). Мамандығы – 3.35 Т – хирургия (cardiosurgery, vascularsurgery, laparoscopic surgery, spinal neurosurgery). ЖОО – Universitätsklinik für Hals-, Nasen-Ohrenheilkunde der Medizinischen Universität Innsbruck (Innsbruck, Austria).
2017 ж. – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017» атағының иегері.
90-нан аса жарияланған еңбектері бар, оның ішінде 2 оқу құралы, 2 оқу-әдістемелік құрал (олардың біреуі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық білім беру және ғылым министрлігінің ҚР БжҒМ және ҚР БжҒМ деп аталатын «Мұрынның клиникалық анатомиясы», Республикалық инновациялық медициналық технологиялар орталығының Білім және ғылым 2011 жылдың 24 маусымы), 3 рационализаторлық ұсыныстар, өнертабысқа 5 инновациялық патент. 2 мақала Impact Factor 2.880 нұсқасымен BioMed Research International журналында жарияланды.
ҚР БжҒМ 2017 ж. «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» жүлдесінің жеңімпаздары Мұсаев А.Т. және Құдайбергенова С.Ф. мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі