ҚазҰМУ резиденттері III Бүкілресейлік онкологиялық олимпиадаға қатысты.
2023 жылдың 1-2 желтоқсанында
И.М. Сеченов атындағы бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті ұйымдастыруымен Мәскеу қаласында SECHENOV CANCERQUEST атты Халықаралық деңгейдегі III Бүкілресейлік онкологиялық олимпиада және Ресейдің алғашқы онкологиялық клиникасының 120 жылдығына арналған Халықаралық деңгейдегі бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция өтті.
Олимпиадаға ТМД елдерін қосқанда 21 команда қатысты.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды, клиникалық тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлай отыра шешу, КТ, МРТ, ПЭТ-КТ суреттерін оқу дағыдысын бағалау, сонымен қатар жіңішке инелі аспирациялық биопсия мен ішек анастомозын жүргізу бойынша практикалық дағдылар бағаланды.
Олимпиадаға қатысушылардың ғылыми жетекшісі-медицина ғылымдарының докторы, .С.Н.Нұғманов атындағы онкология кафедрасының профессоры Төлеутайұлы Кәрібай-резиденттерді олимпиадаға дайындауда үлкен үлес қосты.
С.Ж.Асфендиярова атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, «Ересектер онкологиясы» мамандығының резиденттері: Нурмухамбет Аяулым, Мұхтар Шуақ, Бегімбетова Назкен, Айдабасова Гульсима,Бекәлі Айбек еліміз бен университетіміздің атынан қатысып, 21 команда арасында 3-ші орынды иеленді және «үздік емдеу жоспары»номинациясын жеңіп алды.
Игорь Владимирович Решетов-ресейлік ғалым, хирург-онколог, РҒА корреспондент-мүшесі, РҒА академигі. Ресей Федерациясының ғылым және технологиялар саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты біздің резиденттерді құттықтап, медальдармен марапаттады.
Халықаралық деңгейдегі онкологиялық олимпиадаға қатысу-бұл барлық қатысушыларды қатерлі ісікке қарсы күресте біріктірген керемет тәжірибе. Олимпиада өзара білім алмасуға және онкологиядағы инновацияларды іздеуге шабыттандыруға мүмкіндік берді.