«ҚазҰМУ резидентурасының үздік түлегі-2022» байқауының нәтижелері
20.06.2022ж. «ҚазҰМУ резидентурасының үздік түлегі-2022» байқауы бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтті. Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің деканы А.Н. Баймахановтың 10.06.2022ж. №352 өкімі негізінде кафедралардың профессор-оқытушылар құрамынан және резиденттерден құралған конкурстық комиссия құрылды. Оның құрамына: конкурстық комиссияның төрайымы, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор В.К.Исраилова, хирургиялық аурулар-1 кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Н.Р.Рахметов, пропедевтика курсы бар ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м. ғ. к. Ш. Б.Жангелова, ЖТД-1 кафедрасының доценті, м.ғ.к. К.К.Исаева, неонатология курсымен балалар аурулары кафедрасының доценті, м.ғ.к. А.Т.Каримханова, акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті Э.Е.Мухаметова, Резиденттер кеңесінің төрағасы, анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар мамандығы бойынша 2 курс резиденті А.А.Ермекбай, нефрология ересектер, балалар мамандығы бойынша 1 курс резиденті А.Ануарбек кірді.
2, 3 курс бітіруші түлектерден 14 өтініш келіп түсті. 13 өтініш және портфолио қағаз түрінде өткізілсе, 1 өтініш пен құжаттар электрондық түрде келіп түсті, себебі, қазіргі таңда резиденттің академиялық ұтқырлық бойынша Түркия мемлекетінде білім алуына байланысты.
Конкурстық комиссия келесі көрсетілген үміткерлердің құжаттарын қарап, келесі ұпайларды санап шықты:
№ | Аты-жөні | Мамандығы | Балл |
1 | Абдримова Шахниза | Педиатрия | 72 |
2 | Аскеев Бағлан | Жалпы хирургия | 70 |
3 | Ахметов Досымжан | Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар | 67 |
4 | Молайханов Шохмурад | Клиникалық фармакология | 65 |
5 | Ерланқызы Айдана | Терапия | 44 |
6 | Тілеубек Нұридін | Ревматология, оның ішінде балалар | 38 |
7 | Умирбекова Лаззат | Терапия | 36 |
8 | Жаббарова Аслы | Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар | 36 |
9 | Турысбеков Зангар | Неврология, оның ішінде балалар | 33 |
10 | Кахарова Наргиза | Онкология және балалар гематологиясы | 33 |
11 | Ерниязова Айгуль | Терапия | 32 |
12 | Өтеген Сұңғат | Жалпы хирургия | 32 |
13 | Бекбатырова Дария | Онкология және балалар гематологиясы | 31 |
14 | Нуртилеуова Аяулым | Онкология және балалар гематологиясы | 30 |
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша «ҚазҰМУ резидентурасының үздік түлегі-2022» байқауының келесі номинациялар бойынша жеңімпаздары анықталды:
1. «ҚазҰМУ резидентурасының үздік түлегі-2022» оқу ісіндегі ерекше жетістіктері номинациясының жеңімпазы – «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша 3 курс резиденті Аскеев Бағлан. 2. «ҚазҰМУ резидентурасының үздік түлегі-2022» ғылыми-зерттеу жұмыстарында ерекше жетістіктері номинациясының жеңімпазы – «Педиатрия» мамандығы бойынша 2 курс резиденті Абдримова Шахниза.3. «ҚазҰМУ резидентурасының үздік түлегі-2022» қоғамдық жұмыстардағы ерекше жетістіктері номинациясының жеңімпазы – Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар мамандығы бойынша 3 курс резиденті Ахметов Досымжан.
Байқау жеңімпаздары «ҚазҰМУ Түлектер күні» – «KazNMU Alumni Day» мерекелік іс-шарасы аясында ҚазҰМУ-дың 2022 жылғы үздік түлектерін марапаттау рәсімінде арнайы дипломдармен марапатталады. Қалған үміткерлерге «ҚазҰМУ резидентурасының үздік түлегі-2022» конкурсына қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.