ҚАЗҰМУ РЕКТОРЫ АЙҚАН АҚАНОВТЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРҒА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ЖОЛДАНЫМЫ
Құрметті С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері!
Сіздерге айтпағым: Мен өтініш жазып, өз қалауыммен – зейнеткерлік жасқа жетуіме байланысты жұмыстан кетіп барамын. Мен 65 жасқа қадам бастым және зейнетақы алып жүргеніме де 2 жыл болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзін құптаймын: зейнеткерлер жас, жігерлі басқарушыларға мынадай қиын заманда орындарын беріп, демеу болулары керек.
Елбасының қолдауының арқасында және оның нұсқауларын орындау үшін мен 8 жыл бойы қара шаңырақ университетімізге басшылық еттім.
Осы уақыт ішінде университет әлдеқайда өзгерді. Қызметтерді диверсификациялау нәтижесінде бюджет 3,2 млрд теңгеден 13 млрд теңгеге дейін артты, білім алушылар саны 1,5 есеге өсіп, 10 мың адасмнан асты (15 елдің, 34 ұлттың өкілдері), білікті педагогтар саны – 1,7 мың адам, соңғы 5 жыл ішінде түлектер 4651 маманды құрады. Түлектердің 92% жұмысқа орналасқан. Үштұғырлы тіл жақсы енгізілген, ағылшын тілінде 10% артық студент білім алады, оның ішінде 1/3 бірінші курс студенттері.
Біз әзірлеген және енгізген құзырет – оқытудың бейімделген үлгісі Назарбаев университетінің қағидаларын енгізуге бағытталған. Сараланған еңбек ақы төлеу қызметкерлердің жалақысының деңгейін 2-3 есеге көтеруге мүмкіндік берді (орташа: 2010 жылы 64 мың теңгеден 2014 жылы 161 мың теңгеге дейін көтерілді), КПД енгізілді, әлемнің 45 елінен келген 400 астам визитинг-профессорлар дәріс өткізді, университеттің әлем бойынша 116 серіктес-университеттері бар, оның ішінде әлемнің ТОП-500 кіретін университеттері бар. Жыл сайын 200 астам студент академиялық мобильділік бойынша әлемнің түрлі ердерінде білім алып келеді.
Біз ғылымды қаржыландыруды 60 есеге арттыруға мүмкіндік берген университеттік медицина ғылымының үлгісін әзірледік әрі оны енгіздік, жоғарғы курс студенттерін ғылыммен қамту 100 % жеткізілген. Барлық көрсеткіштер (импакт-факторлы мақалалар, дәйексөзге қолданылуы, ғылыми-ехникалық жобалар саны, веб-сайт және т.б.) бойынша университет өз сласының көшбасшысы және еліміздің топ-5 унивенрситеттері қатарына кіреді.
Осы жылдар ішінде университет клиникасы концепциясы жаңадан басталды деуге болады. Бүгінде 450 клиникалық төсек орнымыз және жылына 7 мыңнан артық науқасқа стационарда және 32 мың адамға амбулаторлық-емханалық деңгейде көмек көрсететін өз емханамыз бар. Қазіргі таңда университетті халық шоғыр орналасқан елді мекендерге жақындату идеясы жасалу үстінде
(Талдықорғанда, Таразда және Қызылордада практикалық денсаулық сақтаумен тығыз байланыс жасайтын филиалдар ашылды).
Университеттің инфрақұрылымы халықаралық стандарттарға жақындай бастады:ішкі ресурстар есебінен 7 институт, 9 орталық, 9 инновациялық мектеп, 4 зертхана, оның ішінде барлық ҒЗИ және еліміздің оңтүстік өңірінің ҰО бірлесе қолданатын, персоналды АҚШ оқытатын бірегей медициналық-генетикалық зертхана ашылды.
Қазіргі таңда барлық көрсеткіштер бойынша: білім, ғылым, клиника – университет медициналық білім мәселелері (5 жыл бойы барлық көрсеткіштер бойынша бірінші орынды алып келеді) жағынан еліміздегі сөзсіз көшбасшы болып табылады және қазіргі кезде әлем университеттерінің халықаралық рейтингтеріне қатысу процесі басталып кетті.
Мен өзімнің барлық білімімді, тәжірибемді, күшімді, жігерімді қолдандым деп ойлаймын және 2008 жылы Президент Назарбаев Н.Ә. мені осы университетке жіберген кезде «барлық білім мен тәжірибені іске асры отырып, университетті көтеріңіз» деп айтқан жеке тапсырысын орындау барысында мен бар ынтамды салып, қызмет атқарғанымды мақстан тұтамын.
Барлығыңызға осы жылдар бойы түсіністік, қолдау көрсеткеніңіз үшін, университетіміздің жарқын болашағына сенгендеріңіз үшін алғыс білдіремін, қол жеткізген үлкенді-кішілі жетістіктер мен табыстарымызды бағалаймын. Біз сіздермен бірігіп өз әлемімізді – өз құндылықтары, дәстүрлері, тарихы бар ҚазҰМУ әлемін, абырой-беделге толы ерекше әлемді жасадық деп ойлаймын. Бұл әлем әрбіріміздің жүрегімізге жылу ұялатып, әрқашан жанымызда болады.
Осы сәтті пайдалана отырып, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Баршаңызға денсаулық, бақ-дәулет тілеймін! Баршаңызға және әрбіріңізге. Баршаңызға және Университетімізге.
Ізгі ниетпен,
Сіздің Айқан Ақанов