ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов ҚазҰМУ симуляциялық орталығы мен Студенттер үйін аралады
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Марат Шоранов Денсаулық сақтау министрлігі аппаратының басшысы Батырбек Сұлтанұлы Әбілдинмен бірге Симуляциялық орталықта болды. Бұл дәрігерлерге арналған елдегі ең ірі Симуляциялық орталық. Мұнда жас дәрігерлерді жаңа технологиялардың көмегімен симулятор роботтарында науқастармен тікелей жұмыс істеуге дайындайды.
Симуляциялық орталықтың жалпы ауданы 2564 шаршы метрді құрайды. Онда 55 бөлме, оның ішінде 44 оқу бөлмесі бар, олардың ішінде педиатрия блогы, хирургия блогы, акушерия және гинекология блогы, терапевтік блок, жедел және шұғыл көмек және жалпы кабинеттер, дебрифинг кабинеттері бар. Жабдықтардың жалпы саны 550 бірлікті құрайды, оның ішінде – 50 бірлік интерактивті және жоғары технологиялық медициналық оқыту жабдығы.
Күн сайын орталықты әртүрлі мамандықтағы 400 жуық студент пайдаланады. Орталық базасында 1 курстан 5 курстарға дейінгі студенттер, интерндер, сондай-ақ резиденттер білім алады, жалпы медицинаның 5 және 7 курстарының ҚМА дайындық жүргізіледі.
Орталық ақпараттық панелі бар компьютерлік сыныпты, интерактивті дәрістер өткізуге арналған мультимедиялық проекторы бар оқу аудиторияларын және демонстрациялық-жаттығу сыныптарын қамтиды.
Марат Шоранов орталықтың жұмыс барысымен танысып, оқу жағдайларын, студенттерге арналған практикалық білім жүйесін зерделеді. Ол акушерия және гинекология блогын, неонатология және педиатрия блогын, гибридтік операциялық бөлмесін, қабылдау бөлмесін, конференц-залды, жүрек-өкпе реанимациясын, терапия блогын, операциялық бөлмелерді және дебрифинг бөлмелерін қарап шықты.
Сонымен қатар Марат Шоранов ҚазҰМУ сегізінші жатақханасында барды. Бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған бес әлеуметтік бастама аясында салынған Қазақстандағы алғашқы жатақхана. Жатақхана 9 қабатты ғимараттан тұрады. Студенттердің пәтерлері барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді.
Жатақхана шамамен 512 студентке арналған. 176 бөлмеге арналған секциялық типтегі жатақханада студенттердің барлық қажеттілігі ескерілген. Ол компьютерлік сыныптармен, кітапханамен және жаттығу залымен жабдықталған. ҚазҰМУ жатақханаларында тұру бағасы Алматы қаласындағы ең төмен болып саналады. Марат Шоранов студенттермен сұхбаттасып, олардың өмір сүру жағдайларын зерттеп қайтты.