ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожиннің Медицина қызметкерлері күнімен құттықтауы
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке елімізде ерекше аталып өтіледі. Бұл күнде халықтың өзі дәрігерлерге деген ерекше ықыластарын жасырмай, өз алғыс тілектерін білдіреді. Әрине, өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ халатты абзал жандардың еңбектері орасан зор. Адам өміріне араша түсетін абзал жандардың адамгершілік пен жанашырлық жолындағы қызметтері үлкен құрметке ие.
Өз көзімізбен куә болып отырмыз, коронавируспен күресте біздің дәрігерлер өжеттілік танытып, өз қызметтерін жоғары деңгейде атқарып жатыр. Тәулік бойы індетпен күресіп, қауіпті вирусты жұқтыру қаупін біле отыра өзгелердің амандығы үшін белсене атсалысуда. Кәсібиліктеріңіз бен үлкен ерліктеріңіздің арқасында оң нәтижелерді көріп жатырмыз. Сондай-ақ, дәрігерлердің ерен еңбектері ескеріліп, үкімет тарапынан оларға қаржылай қолдау іске асырылуда.
Бүгінде Гиппократ антын сақтап, мұқтаж адамдарға медициналық көмек көрсететін барлық дәрігерлік қауымдастығының өкілдері айтулы жетістіктерімен мақтана алады. Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуы мен қалыптасуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер.
Сіздердің жақсылыққа деген сенімдеріңіз артып, кәсіби парыз бен өз мамандықтарыңыз үшін мақтаныш сезімі әрдайым алға жетелесін. Бұл мамандық кез келген қоғам үшін ең маңызды болып табылатын, адам денсаулығына адал қызмет ететін ең игі, мейірімді мамандық.
Әрдайым қайрат пен күш-жігерлеріңіз сарқылмасын.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Мерекелеріңізбен!