ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожиннің Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
Құрметті достар!
Баршаларыңызды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке – еліміздің қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген айбынды азаматтарымызды құрметтеп, ұландарымызды ұлықтайтын ерекше күн.
Көптеген жылдар бойы ҚазҰМУ-да қазақ әскерінің үздік дәстүрлері сақталып келеді, олар бүгінде біздің университеттің әскери кафедрасында қайта жаңғыруда. Әрбір болашақ дәрігер өзінің Отан қорғаушысы екенін толыққанды сезінеді және өз еліне қажет екенін біледі.
Халқымызға қорған болған айбынды азаматтарымыздың рухы биік, мәртебесі арта берсін! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен,
ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин