ҚазҰМУ ректоры 7 курс интерндерімен кездесті
2019 жылы 27 қыркүйекте С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің ректоры, профессор Талғат Сейтжанұлы Нұрғожин интернатура және резидентура факультетінің деканаты «Конкордия» театрында 7 курс интерндерімен кездесті. Кездесуге корпоративтік даму бойынша проректор У.Датхаев, факультет деканы З.Жанкалова, кәсіби-бағдар, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту орталығының басшысы С.Искакова қатысты.
Ректор университет әкімшілігінің жаңа оқу жылындағы алға қойған міндеттері туралы, жұмысқа орналасу және резидентура туралы айтып өтті, Кесдесу әрі қарай сұрақ-жауап түрінде жалғасты. Ректор білім алушылардың көкейкесті сұрақтарына жауап береді. Кездесу өте жылы атмосферада өтті.
Кездесу барысында жаңа оқу жылында оқу үдерісін ұйымдастыру туралы факультет деканы З.Жанкалова баяндама жасады. Факультет деканы баяндамасында университеттің Академиялық саясаты, Академиялық адалдық кодексі және университетте оқу үдерісін ұйымдастыру ережесімен білім алушыларды таныстырды. Кездесу барысында декан және деканат қызметкерлері білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар телебайланыс арқылы Қазақстан Республикасының ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаментінің басшысы С.И.Сыдыкова 7 курс интерндерінің сұрақтарына жауап берді.