ҚазҰМУ ректоры QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2025 халықаралық саммитіне қатысып, Корея Республикасының жетекші университеттік клиникаларын ziyaret етті
2025 жылғы 4–7 қараша аралығында Корея Республикасының Сеул қаласында Азия және Тынық мұхиты аймағының жоғары білім беру саласындағы жетекшілерін, ректорларды, зерттеушілер мен университет өкілдерін біріктіретін QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2025 халықаралық саммиті өтті.
Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Марат Едігеұлы Шоранов Чун-Анг университеті госпиталі жанындағы Хёндэ университеттік клиникасында болды. Аталған клиникада қазіргі таңда Асфендияров университеттік клиникасының екі қызметкері тағылымдамадан өтуде.
Сапар барысында ректор медициналық қызметтерді ұйымдастыру жүйесімен, клиниканың жұмыс істеу қағидаттарымен, медицина кадрларын даярлау тәсілдерімен және пациенттерді диагностикалау мен емдеудегі заманауи технологияларды қолдану тәжірибесімен танысты.
QS саммитіне қатысу және Кореяның жетекші клиникаларындағы кездесулер ҚазҰМУ мен корей университеттері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен серіктестік байланыстарды нығайту жолында маңызды қадам болды.




