ҚазҰМУ салауатты өмір салтын ұстанады
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті денсаулық пен белсенді өмір салтын насихаттаудағы көшбасшылығын тағы да дәлелдеді!
Бүгін таңертеңнен бастап Қарағайлы саябағында және ректорат алдындағы алаңда студенттер, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысқан жаппай таңғы жаттығу флешмобы өтті. Қозғалыс пен ынтымақтастықтың, шабыт пен сергектіктің атмосферасы әр қимылда сезілді!
Бұнымен шектелмей, ҚазҰМУ-дың барлық клиникаларында да медицина қызметкерлері далаға шығып, ашық аспан астында таңғы жаттығу жасап, денсаулық – бұл уақытша емес, күнделікті өмір салты екенін өз үлгісімен көрсетті.
Біздің университет – денсаулық туралы тек айтатын емес, оны өмір салтына айналдырған орталық. Мұнда спорт – жай ғана дене шынықтыру емес, кәсіби және жеке тұрақтылыққа апарар саналы жол.
Бүгінгі күн – қозғалыста күш барын, бірлікте қуат барын, ал денсаулық – әрбір қадамда екенін еске салатын жарқын белгі.
Іс-шараға белсене қатысқан баршаңызға алғыс айтамыз! Бұл жаттығу – жаңа дәстүрдің бастауы және жалқаулық пен енжарлықты жеңудің алғашқы жеңісі болсын!