ҚазҰМУ студенттерімен діни экстремизмнің профилактикасы бойынша кездесу
16.02.2016 жылы «Соncordia» театрының залында сағат 15.00-16.00 аралығында жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің таралмауы мақсатымен «Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттерімен, және барлық факультеттердің 3-5 курс старосталарымен «Діни экстремизмнің көрініс беруінің профилактикасы» тақырыбында кездесу өткізілді.
Бұл кездесуде теолог, Алматы қаласының Орталық мешітінің наиб-имамы – Иминов Н. «Дәстүрлі исламның құндылықтары туралы» және Алматы қаласының діни істер жөніндегі Басқармасының бас маманы – Чалданбаев А.Н. «Діни экстремизмнің көрініс беруінің профилактикасы» докладтарын баяндады.
Бұл іс-шара студенттердің әлеуметтік-мәдени компетенциясын дамыту жөніндегі Департаменттің және Алматы қаласының діни істер жөніндегі Басқармасымен құрылған жоспары (студент жастардың арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің көрініс беруінің профилактикасы жөніндегі ақпаратты-анықтамалық жұмыс) бойынша ұйымдастырылды.