ҚазҰМУ студенттерінің оқу процесі кезіндегі 3 тілдік білім беру әдісі
Қазіргі қоғамда үш тілдік білім- қазақ, орыс,ағылшын тілдерін меңгерудің маңызы зор. ҚазҰМУ білім беру жүйесінде 3 тілділік жалпы тәжірибелік сабақтың 20% құрау керек. Үш тілдік білім беру әдісі «Балалардағы жедел улану кезіндегі шұғыл көмек» тәжірибелік сабағында 5 курс «Жалпы медицина» 13-025-1 тобымен медицина ғылымдарының докторы, жедел медициналық білім беру профессоры Мусаев А.Т. ұйымдастырылуымен 2017 жылдың Қазан айының 23-ші жұлдызында өткізілді. Тәжірибелік сабақты талдау барысында ББПК төрағасы, м.ғ.к., ассоцирленген профессор Д.О. Карибаева, ББПК мүшесі, ЖТД кафедрасының профессоры Р.С Бегимбетова, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылым және Инновация Департамент орынбасары, Молекулалық медицина ғылымдарының докторы PhD (Ұлыбританиядағы Эссек Университеті) Б.Г Ташмұхамбетов, м.ғ.к., профессор Г.Ж Ахмедова, ассистенттер Г.Б Балқанай, М.А Сайжанова қатысты.
Студенттердің білім алу мақсаты сабаққа дайындалу және әр түрлі дерттерді меңгеру барысында 3 тілді толық меңгеріп, алдағы уақытта қолдану. Студенттер белсенді түрде теориялық және практикалық сабақты қорғап болған соң, бұл әдістің тиімді екені сезілді.
Баяндама қорғаған студенттер: А.Тілеухан, Т.Жорабек, А. Тугаева, Г.Колбаева, С.Пернебаева, А.Балабаева.
Студенттердің білім беру процесі жоғарлату мақсатында ҚазҰМУ үштілдік білім беру жүйесін қолдайды.
» Тәрбиесіз берілген білім- өз халқының қауіпті жауы» Әбу Насыр әл-Фараби