ҚазҰМУ студенттерінің қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күні аталынып өтті
2017 жылдың 30 қараша күні университетіміздің «Даңқ Залында» Жастар саясаты басқармасы, Жалпы медицина мектебі, Жалпы иммунология кафедрасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Ғ.Т.Рсалдина баяндама жасады. Жалпы медицина мектебінің 1-2 курс студенттері А.Умарбек Елбасына арнап жазған өлеңін оқып, сондай-ақ Н.Есеналиев, Қ.Даулетбаев, А.Макул, А.Атымтайқызы өз орындауларындағы әсем әндерді тарту етті. Мереке соңында барлық қатысушы студенттер «Көк тудың желбірегені» әнін бірге орындап, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.