ҚазҰМУ студенттерін Нобель фестиваліне қатысуға шақырады
2023 жылы 5-7 қазан аралығында Астана қаласы ҚР Тұңғыш Президентінің музейінде Нобель фестивалі өтеді. Фестивальге әлемдік ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары қатысады, сондай-ақ 48 елдің білім министрлері мен әлемнің 36 үздік университеттерінің өкілдері шақырылады.
Нобель фестивалі күндері негізгі іс-шарадан басқа, жоғары оқу орындарында әлемдік ғалымдар мен Нобель лауреаттарының дәрістерін өткізу жоспарлануда. Университеттер өз қалауы бойынша әлемдік ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттарын студенттеріне дәріс өткізуге шақыра алады.
Нобель фестивалі аясында 6 қазанда Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен Қазақстан студенттерімен Нобель лауреаттарының таңғы асы ұйымдастырылады. Оған белгілі бір конкурстан өткен студенттер мен жас зерттеушілер ғана қатыса алады (анықтама үшін телефон: Жұлдыз Адамзатова, фестиваль бағдарламасының директоры +7 701 145 0145).
2023 жылғы Нобель фестивалінің негізгі құрамдас бөлігі университеттік ғылыми-технологиялық көрмені өткізуге арналады (5-7 қазан). Көрмеде жоғары оқу орындары мен ҚР ҒЗИ-нің үздік ғылыми-технологиялық жобалары ұсынылады. Жоғары оқу орындарына осы көрмеге өз стендтерін орналастыру мүмкіндігі туады.
Толық ақпарат сайтта көрсетілген: http://expo.nobel-fest.org.
Nobelfest платформасында инновациялар мен технологиялар бойынша семестрлік 4.0 онлайн курс ағылшын және орыс тілдерінде әзірленген. Ақылы және ақысыз модульдер бар. «Экспоненциалды инновация» курсының оқытушысы – Гарвард профессоры, доктор Вивек Вадхва, жоғары технологиялар саласындағы 100 жаһандық ойшылдар қоғамының мүшесі (time tech 40).
Университет студенттері осы курсты оқу семестрі ішінде онлайн форматта өтуге және инновация, кәсіпкерлік, экономика және индустрия 4.0 тақырыбы бойынша әлемнің үздік оқу орындарында оқытылатын білім алуға мүмкіндігі бар.
Егер сіз фестивальге қатысқыңыз келсе, сайттан тіркелуіңіз қажет: https://nobel-fest.org.