ҚазҰМУ студенттері жедел медициналық жәрдем қызметіндегі жұмысы үшін марапатталды
Бүгін, 2026 жылғы 16 қаңтарда Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем қызметінің» бас дәрігері Тойбеков Арман Серікбайұлы 3/1 бригада фельдшері, «Жалпы медицина» факультетінің 7 курс интерні Кеңесбаева Тұрсынай Арманқызына және «Жедел медициналық жәрдем дәрігерінің көмекшісі» ретінде кәсіптік тәжірибеден өтіп жүрген «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенті Жұмаділ Әсия Оразқызына шақырту кезінде міндеттерін адал орындағаны және Facebook әлеуметтік желісінде әкімдікке жіберілген пациенттің ата-анасынан алған алғысы үшін Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады. Пациенттің алғыс хаты Facebook парақшасында жарияланды.
Facebook те жарияланған алғыс сөздер:
https://www.facebook.com/share/p/17uVTqn8hz/




