ҚазҰМУ студенттері «Жігіт сұлтаны және Қыз сыны» қалалық мега-жобасының ақтық мәресіне өтті
2017 жылдың 25-26 қазаны аралығында Университеттің Студенттік Үкіметінің ұйымдастыруымен «Даңқ залында» және «Concordia» театрында Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың тапсырымен «Жігіт сұлтаны және Қыз сыны» қалалық мега-жобасының университетіміздегі іріктеу кезеңдері өтті. Жалпы іріктеуге 50-ден астам өнерлі студенттер қатысты. Солардың ішінде 3 ұл, 3 қыз қалалық жартылай финалға өтті. Жартылай финал «ADK» сауда-ойын орталығында өткізілді. Нәтижесінде: «Терапия» бағыты бойынша 6 курс интерні Рахмет Ермек және «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенті Сиықова Ақмарал ақтық мәреге жолдама ұтып алды. Ақтық мәре 15 қараша күні, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Студенттер сарайында» өткізіледі.